- Advertisement -

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРАТЫН ӨКІЛЕТТІКТЕР

88

- Advertisement -

Мемлекет басшысының бастама-сымен билік тармақтары мен өкілеттіктерді қайта бөлісу туралы мәселенің қоғамда өткір талқыға түсіп жатқаны мәлім. Шын мәнінде, Елбасының өзі атап көрсеткендей, еліміздің алға қарай өркенді дамуы мен демократияландырудың өзектілігін өрістету, бес институттық реформаның қадамдарын нақты іске асыру – өмір талабы.
Талқылау Қаратау қаласында да қызу жүріп жатыр. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қаланың мемлекеттік орган және зиялы қауым өкілдері арнайы басқосты.
«Осы орайда биліктің өкілеттіктерін бөлісу барысында, ширек ғасыр ішінде өзін тек жақсы жағынан көрсеткен Президенттік басқарудың құзырында қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қала береді. Енді бағдарламаларды бекіту, Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мәселелері, жаңа басқару органдарын құру Үкімет пен Парламенттің құзырына берілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде екі билік тармақтарының дербестігіне кепілдік беріп қана қоймай, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайтуға бастайтын өзек болмақ. Үкімет жеңіске жеткен партия мен фракциядан жасақталмақ», – деді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша филиалының төрағасы Қ.Төлендиев аталған жиында сөйлеген сөзінде.
Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу турасында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Нүрпейісов өз ойы мен ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, Президенттік басқаруды бір қолға шоғырландыру өте дұрыс шешім еді. Енді еліміз аяғынан қаз тұрған шақта Парламент пен Үкіметтің де жауапкершілігін күшейткен орынды. «Сондай-ақ, Парламент пен Үкіметті жасақтауда кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру турасындағы 5 институттық реформаның басты талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс» деді ол. Қаладағы мектеп-лицейдің директоры Мақсат Қазанғапов Президенттік басқару жүйесінің қала бергені дұрыс деген пікірін білдірсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ғ.Қартабаев өзгерістер ішіндегі жекеменшік құқығын нақтылайтын ұсынысқа тоқталып, оған еш алаңдаушылық жоқтығын мәлім етті.

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,

«Ақ жол».

Қаратау қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support