- Advertisement -

Қыстыгүні қинайтыны… қалың қар

84

- Advertisement -

Ауданда ауылдық округ әкімдері арасында Боралдай ауылдық округінің әкімі Өмірбек Шіркеев Ертай ауылы тұрғындары алдында алғашқылардың қатарында есеп берді. Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында ол жыл бойы атқарған жұмысы туралы баяндама жасады.
Соңғы екі жылда округтегі Жамбыл, С.Бәйтіков атындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өткізілген. Көлтоған амбулаториялық емханасының ғимараты қалпына келтіріліп, қайта салынған. Ертай ауылындағы 120 орындық М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің құрылысы аяқталды. Аталған жұмыстарға облыстық және республикалық бюджеттерден қаржы бөлініп, ол толығымен игерілген.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Рысбек батыр ауылындағы Рысбек батыр, О.Ауғанбаев көшелері жарықтандырылса, ауданның өз күшімен Көлтоған ауылындағы су тоғанының арнасы тазартылыпты. Сондай-ақ, осындағы Д.Қонаев көшесінің жолы күрделі жөнделіп, асфальт төселген.
Округте мал шаруашылығы да даму үстінде. Жеке азаматтардың қолында бүгінде 1059 жылқы, 1130 сиыр, 20476 қой-ешкі, 10250 үй құсы бар. Шаруа қожалықтары иелігіндегі жылқы – 329, cиыр – 226, қой-ешкі 3867 басты құрап отыр. «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары аясында өткен жылы округ бойынша 32 бие, 4 айғыр, 40 сиыр, 3 бұқа, 192 саулық қой, 8 қошқар сатып алынған.
Боралдай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Байболов «Қыс болса жолдың азабын тартамыз. Боранда жол жабылып, көлік қатынасы тоқтайды. Өткен боранда 52 көлік боран құрсауында қалып, адамдары құтқарылды. Төтенше жағдай қызметінің қызметкерлеріне рахмет. Көп көмек көрсетіп жатыр. Ауыл әкімі де қарап отырған жоқ. Осындағы техникасы бар жігіттерді ұйымдастырып, жолда қалған адамдарды құтқарып, техникасын алып шығуға қолұшын созып отыр», – деп ризашылығын білдіріп, төтенше жағдайлар қызметі тарапынан жолды қардан тазалайтын техника алынып, оның жүргізушісі Көлтоған ауылында тұрып, жұмыс істесе деген ұсынысын да жеткізді.
Ауыл тұрғындары қойған сұрақтың дені жолға қатысты болғандықтан, оларға облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Т. Сабиров пен облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы Р.Омаралиев жан-жақты жауап беріп, кейбір мәселелердің зерттеліп, зерделенетіндігін жеткізді. Басқа сұрақтарға ауыл әкімі Ө. Шіркеев жауап беріп, жиынды қорытындылады.

Марат ҚҰЛИБАЕВ,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support