- Advertisement -

Елордалық спортшы Қазақстан тарихында алғаш рет үстел теннисінен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды

82

- Advertisement -

Елміздің тарихында алғаш рет қазақстандық спортшы ITTF World Tour финалында жеңіске жетті.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында үстел теннисінен осы маусымдағы бірінші әлемдік тур аяқталды. 21 жасқа дейінгі топта Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкілі Кирилл Герасименко ақтық сында 3:2 есебімен француз Аккузу Каннан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

«Әлемнің мықтыларынан айламды асырып, чемпион атанғаныма қуаныштымын. Соңғы ойындардағы тартыс қиынға соқты. Бірақ осындай мүмкіндікті жібермеуге тырыстым, қиын сәттерде ата-анам, ағаларым туралы ойладым, олар да мен сияқты споршылар», — дейді Кирилл Герасименко.

ақпарат көзі: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support