- Advertisement -

Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті

66

- Advertisement -

Кемелбек Ойшыбаев Facebook әлеуметтік желісінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кеткенін хабарлады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым. Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы — жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор! Өзім үшін қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Әрiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!», — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Кемелбек Бақтығұлұлы бұл қызметке өткен жылдың 1 қазаны күні тағайындалған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support