- Advertisement -

Өзгеріс өзектен теппесін

82

- Advertisement -

Кеше «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ашық талқыланды.
Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевтың басшылығымен видео-конференция арқылы өткен жиынға елдің барлық өңірлерінің журналистері мен тиісті мекеме өкілдері қатысты.
Осыған дейін де бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, түрлі қоғамдық кеңес мүшелерінің қатыстырылуымен бірнеше рет талқыға түскен Заң жобасына енгізілетін 200-ге жуық өзгеріс осы отырыста кеңінен сөз болды.
Өзгерістер енгізілген жағдайда еліміздегі газеттер мен журналдарда, телеарналар мен электронды ақпарат құралдарында ақпарат тарату жүйесінде бірқатар жаңалықтар болмақшы. Мысалы, телеарналарда берілетін жарнамалардың жүктемесі азайтылып, көрермендер сұранысы қанағаттандырылмақшы.
Әрине, енгізілгелі отырған өзгерістерде отандық БАҚ-тың сапасын арттырып, талабын күшейтуді көздеген баптардан өзге журналистер тарапынан қолдау таппаған тараулар болды. Мысалы, алдында жарияланған ақпаратты теріске шығару туралы түсіндірме арыз иесіне 3 тәулік ішінде берілуі керектігін нақтылайтын заң қисынсыз екенін айтады журналистер. Мысалы, ол ақпаратты теріске шығармай, оның нақтылығын дәлелдеуге 3 күннен аса мерзім талап етілетін жайттар болып жатады. Тіпті, мемлекеттік органдарға түскен арыз-шағым мен өтінішті қарауға кемі 15 күн уақыт беріледі де, ақпарат құралдарын неге уақыттан қысады деген сауал жолданды. Сондай-ақ, кейбір әріптестер ақпараттың толық анықтығына көз жеткізіліп, ол ресми хабарланбайынша ақпаратты таратпау, жұмыстың жеделділігіне нұқсан келтіреді деген наразылықтарын танытты. Мұнан өзге де талқыға түскен сұрақтар көп болды. Вице-министр оның әрқайсысы назарға алынып, толық сарапталатынын жеткізді.

Маржан РАҚАЙ,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support