- Advertisement -

«Ордабасы» ойындарында жерлестеріміз топ жарды

84

- Advertisement -

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен EXPO – 2017 халықаралық көрмесіне арналған Таэквондо-WTF және «Ордабасы» ұлттық ойынынан халықаралық ашық біріншілік өткізілді.
Байрақты бәсекеге Алматы облысынан, Қырғыз Республикасынан жалпы саны алты команда, 205 спортшы қатысып, дода көркін қыздыра түсті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа қатысушы командалардың барлығы да тартысты өткен турнирде жан алысып, жан берісті. Біздің облыстың сайыпқырандары біріншіліктің басты фавориттері саналғанымен, қонақ командалар жерлестерімізге жеңісті оңай ұстата салуға келмегендіктерін байқатты.
Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша облыс намысын абыроймен қорғаған «Тайчий» командасы қарсыластарынан анағұрлым жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанса, облыс атынан жарысқа шыққан тағы бір командамыз «Тимур» ұжымы күміс жүлдеге қол жеткізді. Алатаудың арғы жағынан келген Қырғыз Республикасының өрендері де өздерін жақсы қырынан танытып, жүлделі үшінші орынға иелік етті. Осылайша Тараз төрінде ұйымдастырылған халықаралық дода өз мәресіне жетті.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support