- Advertisement -

Назарбаев көші-қон комитетін құруды тапсырды

79

- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі Істер министрлігінің құзыретін кеңейтті.

Бүгін президент Үкіметке Көші-қон қызметі комитетін құруды тапсырды. Бұған дейін бұл мекеме жай ғана көші-қон полициясы болатын. Енді комитет деңгейіне дейін көтеріліп, ішкі миграцияны қазіргіден де қатаң бақылауға алмақ. Қосымша штат ашылып, қызметкерлерінің саны да өседі.

Бұл ведомство, 10 күн ішінде тіркеуге тұрмағандарға қарсы күрес жариялағанын айта кетейік. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің жанынан құрылатын комитетке елбасы 1 сәуірге дейін жаңа көші-қон бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Бұған дейін тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынатынын хабарлаған едік.

ақпарат көзі: stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support