- Advertisement -

Жеке сот орындаушының құзыреті ерекше

161

- Advertisement -

Жеке сот орындаушылар институты 2011 жылдан бері баламалы түрде мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жұмыс істеп келеді. Жыл өткен сайын сот орындаушылардың пәрмені арта түсуде. Бұған жүзеге асырыла бастаған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының тигізген ықпалы көп. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Жайықбай Шалдаров осыны айтты.
Ұлт жоспарының жеке сот орындаушылардың институтын дамыту үшін мемлекеттік сот орындаушыларды кезең-кезеңімен қысқарту міндеттелгені белгілі. Бұл қадам шын мәнісінде, жеке сот орындаушыларға серпін беріп отыр. 2011 жылы облыс аумағында 3 жеке сот орындаушы ғана жұмыс істесе, қазір олардың 50-ге көбеюі – соның дәлелі. Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, оларда жалпы құны 45 миллиард теңгені құрайтын 60 мың атқару өндірісі бар екен. «Жеке сот орындаушының өкілеттігі заңда белгіленген. Олар борышкерден өнім өндіру барысында өзіне берілген құзыретті ғана пайдалана алады. Жеке сот орындаушыларының шығындарына жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге қаражат қарастырылған», – деді ол.
Қарыз өндірудегі өзекті мәселенің бірі – алимент. Бұған қатысты өңірде 12 мың атқару өндірісі бар. Оның 30 пайызы – проблемалық алимент. Сот орындаушылардың атқару өндірісінің 80 пайызын алиментті төлету өндірісі құрайтыны да сондықтан.
Бір өкініштісі, алиментті уақтылы төлеуден қашып жүргендер көп. Сол үшін алиментті үш ай төлемеген борышкерді көлік жүргізу куәлігінен айыру шарасын қолдану туралы мәселе көтерілуде. Сондай-ақ, облыстық прокуратура жанынан алиментті төлету жөнінде кеңес құрылып, ішкі істер департаменті және әділет департаментімен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.
Брифинг соңында Жайықбай Шалдаров журналистер тарапынан қойылған жеке сот орындаушыларының құзыреті, алимент төлетудің түрлі жолдары туралы сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Есет ДОсалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support