- Advertisement -

Алаштың алыптары

117

- Advertisement -

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ,
аты аңызға айналған батыр, майдангер-жазушы.

БӘЙКЕН ӘШІМОВ

Әшімов Бәйкен – Талдықорған облысының обком секретары.
Кіруге рұқсат сұрадым… Кірдім…
– Менен жасың кіші шығар?
– Иә, кішімін.
– Онда сені жолдас деп жалпақтар жайым жоқ… Алматыдан, шынымды айтсам, қашып келдім, жұмыс істетпейді. Келесі жылы Лениннің 100 жылдығы, соғыстың 25 жылдығына даярланудамын.
– Бауке, сөзіңізді бөлейін.
– Иә.
– ЦК КПСС осы туралы кең атап өтуге қаулы алды, оны да атап өтіңіз.
– Сіз мені танымайсыз, секретарь обкома жолдас.
– Бауке, не деп отырсыз? – деп абыржыды.
– Сіздің атыңыз Бауыржан, фамилияңыз Момышұлы емес пе?
– Міне, танымағаның осы.
– Ойбай-ау, енді, сізді қалай танимын, үйретіңізші? – деді.
– Ал қазақ дейтін халық бар, олар мал бағады, ет жейді, сүт ішеді… бірақ та жауынгер халық. Оған менің документім бар. Мысалы, 4 рет Совет Одағының батыры Маршал Советского союза Жуков былай дейді:
«Мне часто задают вопросы, какие у меня глубокие впечетления и тяжелые осадки в годы ВОВ». Он отвечает сам на этот вопрос:
– Это сражение под Москвою под главным командованием И.В.Сталина.
Как вы знаете, я был его первым заместителем, – дейді Жуков. Қазақ халқы өз тарихында ондай шайқасқа қатысып көрген емес бұрын. «Елдің атын ер шығарады» деген сөз бар.
Біздер, қазақтар, әбден Отанның басына қиын жағдай түскен кезде, Москваның түбіндегі шайқаста «Біз қазақпыз» дегенді жанымызбен де, қанымызбен де, арымызбен де айта білдік.
«Біз қазақпыз» дегенді біз ұялмастан, қызармастан бүкіл жер жүзіне айқайлап айттық. Бұған куә – тарих, халық. Бұған куә – түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмеген еңбегіміз. Бұған куә – өлген, жарақаттанған, аяғымен келіп, мүгедек болып таяғымен қайтқан немістер – фашистер. Бұған куә – достарымыз бен дұшпандарымыз да…
Жаңа мен айттым ғой, қарағым, менің денсаулығым жағынан алып бара жатқан еш нәрсе жоқ дедім. Алматыдан қашып келдім дедім ғой. Шақырған үш датаға мен құрқол бара алмаймын.
– Мне нужно рабочее место. Тауып берсең, рақмет айтамын. Отказ берсең, өкпелемеймін. Мен кедей қазақ емеспін. Ақшасын төлеуге жараймын.
Он обалдел, нажал на кнопку, явилась его секретарша Лидия Ивановна. – Срочно соедените меня с первым секретарем Кировского райкома партии, если нет его, тогда с председателем райисполкома, – деп бұйырды. Секретарь жылдам екен.
Райисполкоммен сөйлесті:
– Сүлеймен, мен Бәйкенмін ғой. Менің алдымда Баукең отыр, полковник, жазушы Бауыржан Момышұлы, ертең бізде областной актив болады ғой. Соған сіз обязательно келесіз. Партактив біткен соң, Баукең Айнабұлақта бажасының үйінде, сол кісіге барасыз. Бүрсігүні өзіңіз лично өз машинаңызбен ертіп барып, Баукеңді курортқа орналастырасыз.
Чтобы были созданы все условия для работы, для лечения, – деп орысшалап айтты. – Я сам через 2 дня приеду на курорт Капал-Арасан и лично буду проверять как устроился Баукең.

ІІ

На второй день моего прибывания на курорте прибыли первый секретарь обкома партии Байкен Ашимов, председатель областного исполкома Забурувный, первый секретарь Кировского Райкома Комсомола Б.Бекеев, председатель Кировского райисполкома Сүлеймен Кибраев и др. По приезду они интересовались прежде всего как устроился полковник Б.Момышұлы. В это время я принимал ванну, отсутствовал.
Главный врач повел их в мою комнату, открыл и показал как я устроился в отдельном люксовом номере. Увидев на письменном столе пищущую машинку, полдюжины авторучек, кучу бумаг и рукописей, они удивились.
– «Ей, мына кісі шынымен жұмыс істегелі келген екен ғой!» – воскликнул первый секретарь обкома… Когда я возвращался в номер, они по дороге встретили меня.
– Бауке, сіздің рұқсатыңызсыз, жатқан жеріңізге кіріп шықтық. Вас устраивает этот номер?
– Я очень благодарен главному врачу, меня вполне устраивает этот номер.
– Создайте все условия для товарища полковника, писателя, чтобы он хорошо отдыхал, лечился и работал, – деді первый секретарь главному врачу. Потом, обращаясь ко мне, сказал:
– Бауке, не керек болса, маған да, райкомға да, райисполкомға да қысылмастан айтып отырыңыз. Сіз бізге әр жылы келіп жүрген кісі емессіз. Сізді күтіп ала алмасақ, бізге ұят болады ғой… Біз курортты аралап шығайық, мына кісіні танисыз ба?
– Жоқ, танымаймын.
– Бұл – ақсақал Бекең Жидебаев дейтін кісі, – деп ақ мұртты шалмен мені таныстырды.
Бұл кісі осындағы колхоздың бастығы болады. Колхоздың шамасы жаман емес, алдыңғы қатарлы колхоздың біреуі… Бұл кісінің жасы 65-те. Пенсияға шық десек, тіл алмастан осы уақытқа дейін еңбек етіп жағаласып жүр…
– Ей, Бәйеке, менің сендерге қандай зияным бар. Жоспарды өздерің бересіңдер, орындайтын біздер ғой. Менен құтыла алмай жүрсіңдер ме? – деп шал бұлқынып үн қатты.
– Беке, ренжімеңіз. Сіз сияқты шалдарымыз көп болса, әлдеқашан-ақ байып кетер едік. Сізді зейнеткерлікке қимастан айтып тұрған сөзім ғой, көңіліңізге алмаңыз.
– Иә, қарағым, сөйтіп айтсаңшы, – деп шал қуанып кетті.
– Беке, батырды үйіңізге ертіп барып, шайыңызды беріп әңгімелесіңіз. Біз 30 минуттан кейін сіздің үйге барамыз.
Газ-69-бен шалдың үйіне бардым.
Жақсы сары кемпірі бар екен. Бала-шағасы, немере, шөбересі бір қорада орналасқан, өскен-өнген жандар екен…
– Батыр, жоғары шығыңыз, – деп ізетпен мені төрге отырғызды…
– Батыр, шаймен бастайсыз ба, коньякпен бастайсыз ба?
– Қонақ қойдан жуас, май берсең де жей береді дегенді мен шығарғам жоқ, сіздің ата-бабаңыз шығарған, – деп мен күлдім.
– Онда коньяктан бастайық, – деп шал екі рюмкаға коньяк құйды.
Екеуіміз де қағып салдық… 30 минуттан кейін басқа қонақтар келді. Менің байқағаным, обкомның аты – обком екен. Барлығы да қалжыңдап отырды. Бірінші тосты обкомның бірінші секретары көтерді. Орысшалап сөйледі:
– Среди нас присутствует знаменитый полковник Советских вооруженных сил, имя которого известно не только в Советском Союзе, но и зарубежом – всеми нами уважаемый Бауржан Момышұлы. Среди нас присутствует один из крупных партийных работников республики, бывший заведующий отделом науки и культуры ЦК КП Казахстана, теперь директор института при ЦК КП Казахстана, доктор исторических наук Серикбай Бейсембаев. Разрешите мне поднять тост за их здоровье…
Мы встали, хлопнули, налили рюмки коньяков. Доктор наук притронулся губами своей рюмки и отложил в сторону (Я его знал раньше, как отъявленного пьяницу, признаться, удивлен его отказом от коньяка)… После этого говорили в мой адрес всякие нелепые дифирамбы, поднимали тосты за мое здоровье.
Признаться мне весьма неприятно было. Хозяин дома облокотился ко мне.
– Бауке, сіз де бір сөз айтсаңызшы?
– Я говорил на русском и на казахском языках. Уважаемый хозяин, қадірлі жеңгем, адал ниеттеріңе, адал тамақтарыңа, ақ дастарқандарыңа сансыз рақмет… Сіздер мені сыйлап шақырғандарыңызға рақмет. Бірақ та шынын айтсақ, сіздер мені емес, менің халқымды сыйлап шақырдыңыздар – оны сартша айтқанда сіздерге катта рахмад…
Облыстың бірінші бастығы айтты ғой, қымбат уақытын бөліп келгеніне бұл кісіге де рақмет. Ендігі айтайын дегенім – Талдықорған биыл ғана бөлініп облыс болды. Біздің қазекең ат қойғыш келеді. Талдықорған деп атын бекер қоймаған екен. Шынында зәулім-зәулім теректерің көп екен. Оларды мен өз көзіммен көрдім.
«Көрген көзге жазық жоқ» деген сөзді мен емес ата-бабамыз шығарған. Богатство создается народом, трудящимся; богатство создается кровью и жизнью сыновей и обильно пролитным потом. Если не было бы таких трудящихся, народа – не было бы обкома партии. Если не было бы тщеславного Советского воинства – не было бы гвардии полковника Бауыржана Момыш-улы…
1970 году предстоят несколько знаменательных исторических дат: 100-летие со дня рождения В.И.Ленина – Ленин велик!.. 25-летие победы вооруженных сил Советского Союза над фашистской Германией (Я это говорю как воин).
– Товарищ гвардии полковник, ЦК нашей партии, эти даты решили отметить очень серьезно, – бросил реплику первый секретарь обкома.
– Благодарю вас за информацию, – дедім мен – хочу закончить свое слово. Короче говоря я желаю, притом искренно желаю, трудовых успехов всем трудящимся вашей области. Я – муж, отец, дедушка. У Вас тоже есть дети. Поэтому, как аға баласы (мен ұлы жүзбін), по традициям наших предков разрешите мне дать ақ бата:
– О, Алла тағала, Сіздің барыңыз рас болса, біздің бала-шағамызға, Абайдың басын бергін, Жамбылдың жасын бергін, Сәкеннің сәнін бергін, Күләштің әнін бергін, Исатай-Махамбеттің атағын бергін, Бауыржан Момышұлының шатағын бергін.
Громкие хохоты, смех и бурные аплодисменты…
Жылқы айғырларының арасында жұмыртқасы ішінде болатындарын ауыл шаруашылық ғылымында внутряк дейді. Ал образно выражаясь, біздің партия қызметкерлерінің көбі – внутряктар. Олармен Құдай ешкімді дастарқан басына отырғызбасын. Мен өз басымнан соны көп кешірдім. Обком, райком жиналып, мені қонаққа шақырды. Сондағы сезгенім – адал тамақ, адал дастарқан, ақ ниет дейтін олар отырған жерде бола бермейді екен. Емін-еркін отыру жоқ. Бірін-бірі іштей аңдып отырған кісілер…
– Адал асты арам істейді екенсіңдер, ақ дастарқанды қара істейді екенсіңдер, ақ ниеттің бетіне түкіреді екенсіңдер, – дедім маған сөз бергенде. Бұдан былай аштан өліп, көштен қалсам да, обком мен райкомның үйінен дәм татпаймын. Маналы бері не ішіп, не жегеніме түсінбестен отырмын.
Бұдан былай мені қонаққа шақырушы болмаңыздар, рақмет.
Отырғандар ха-ха-ха деп өтірік күлісті. Мен ішімнен күлдім.

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ

Телефон сыңғыр ете қалды. Мен алдым.
– Тәшенов жолдас, сізді сағат 12-де қабылдамақ.
Жоғарғы Советтің президиумының председателі Ж.Тәшеновты естігенім болмаса, көрген кісім емес.
Верховный Советке бардым. Тап мені күтіп отырғандай-ақ, помощнигі алдымнан шығып, ізетпен кезексіз мені тіптен-тіке председательге ендірді.
Кең кабинеттің төрінен алдымнан орта бойлы, тығыншық сары жігіт орнынан тұрып, жеңіл қадаммен алдымнан шықты.
Амандастық. «Тақтың» алдындағы столға қарама-қарсы отырдық.
– Бауке, халіңіз қалай?.. – деген сұрақтардан сөзін бастады председатель. Мен жауап қаттым.
– Денсаулық қалай?
– Онша мақтанарлық емес… – деп бастай бергенімде ол столдағы бір седеп түймені басты. Помощнигі жетіп келді.
– Немедленно позвоните Ерастову. Чтоб он прикрепил полковника к больнице Совета Министров…
– На Ерастова не жалуюсь…
– Если нужно, пусть его положать в больницу в правительственную палату. Идите.
Помощнигі кетті. Мен не айтарымды білместен, сасқалақтап:
– Благодарю Вас, – деппін.
– Сіз арақ ішесіз бе?
– Ішемін.
– Сізге пиво да ішуге болмайды. Темекі тартасыз ба?
– Тартамын.
– Көп тартасыз ба?
– Көп тартамын.
– Оныңызды қойыңыз. Сіз бізге өте керек адамсыз. Не істеп жүрсіз?
– Жазып жүрмін.
– Не жазып жүрсіз?
– Көрген-білгендер мен өткен-кеткендер. Менің темаларым…
– Ол өте дұрыс екен. Ол да бізге өте керек, – деп бастырмалатып сөзімді аяқтатпады. «Е, бұл кісі асығып отыр екен ғой» деген оймен тілімді тарттым.
Председатель маған Рахымжан Қошқарбаевтың арызын көрсетті.
– Мен сізбен осы жағынан ақылдасайын деп шақырып едім, – деді мен оқып шыққан соң.
– Его личное заявление не служить основанием…
– Қазақшалап сөйлеңіз.
– Архивтан дәлелдейтұғын материалдар керек. Оларсыз киліксеңіз, ұялып қалуыңыз мүмкін.
– Бұныңыз өте дұрыс ақыл. Оны қалай табамыз?
– Іздеу керек.
– Сіз іздесеңіз қайтер еді?
– Іздейін.
– Қаражатты мен бергізейін.
– Жоқ. Мен қаражат алмаймын.
– Бұныңыз не?
– Таба алмасам ше?..
– Жоқ. Сіз табасыз. Сіз таппағанда кім таппақ оны?
– Мен іздестірейін. Тапсам дұрыс, таппасам – ешқандай міндеттемені мойныма алғым келмейді…
– Келістік. Сіз іздестіресіз, сіз табасыз.
– Жарайды. Бірақ та мен ақшадан аулақпын.
– Жарайды. Ал енді сіз туралы да көп хаттар бар. Сізді неге Герой Советского Союза емес деп жазады менің атыма…
– Это компентенция правительства.
– Мен үкімет бастығымын…
– Вы всего лишь председатель президиума Верховного Совета Республики…
– Я заместитель Ворошилова…
– Оны мен білемін.
– Сіз менің атыма арыз, өмірбаяныңызды толық етіп жазыңыз. Барлық көрсеткен ерліктеріңізді жазыңыз. Мен ол мәселені Ворошиловтың алдында көтеремін…
– Жоқ. Мен еш нәрсе жазбаймын. Мен туралы жазылғандар аз емес.
– Онда соларды қарастыралық. Оларды қайдан табуға болады?
– Мен ол жағын білмеймін.
Тағы біраз сөйлестік.

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ

…1943 жыл. Полк командирі кезім. Таныс-біліс емес Анна Михайловна маған хат жазып, «Қазақ ССР тарихының» бірінші томын салып жіберіпті. Оқып шықтым. Жетістігі мен кемшілігін, яғни алған әсерімді жазып жібердім. Жауабымды алып, қатты риза болыпты.
Сол жылдың 9 декабрь күні Москвадағы «Әдебиетшілер үйінде» менімен кездесу болды. Оны генерал-лейтенант А.А.Игнатьев басқарды. Мен жазбасыз 45 минуттай сөйледім. Сұрақтарға жауап бердім. Менен кейін Школовский, Лавренов, Стасов, Панкратова, біздің Қазақстаннан И.Тәжиев, Ә.Шәріпов, С.Аманжолов сөйледі.
Кеш аяқталысымен, қасыма жастары ұлғайған екі апай келді. Олардың бірі – Анна Михайловна Панкратова, екіншісі – В.И.Лениннің тұсындағы Орталық партия Комитетінің секретары болған Елена Дмитриевна Стасова екен. Біраз әңгімелесіп болған соң, тарқай бастадық. Шашы аппақ, ап-арық Анна Михайловна қолдары дір-дір етіп, тілдей қағазды қалтама салды. Былай шыға «Бауыржан, уақытың болса, жолығып әңгімелесейік. А.М.Панкратова» деген жазуды оқыдым. Соңына адресін жазыпты.
Арада алты ай өткенде мен Анна Михайлованың үйінде болдым. Қызы бар екен. Шай іштім. Әңгімеміз «Қазақ ССР тарихының» төңірегінде болды. Оны зерттеуге қалай кіріскенін айтты. Әйтеуір Қазақстан туралы жақсы әсерде екен. Сөзін тыңдай отырып, терең ұғымды тарихшыларымыздың алдыңғы легіндегі кісілердің бірі-ау деп ойладым. Мені де зейін қойып тыңдай білді.
– Алматыда кездесіп, азды-көпті әңгімелескен адамдарымның ішінде ееркше әсер қалдырған, әрі үміт күттірген Ермұхан Бекмаханов болды. Сіз оны танитын ба едіңіз?
– Жоқ.
– Бұл көрікті жас жігіттің (менің шамалауымша жуық арада) нағыз ғалым, тарихшы болатынына әбден көзім жетті, – деп өз сөзін дәлелдеп, көп сыр шертті.
1946 жыл. Анна Михайловна мені Ермұханның докторлық диссертациясын қорғау процесіне шақырды. Вера Павловна екеуміз трамваймен (сол кезде Москвада такси жоқ еді) кешігіңкіреп бардық. Барсақ, жап-жас (кейін білдім, сонда Ермұхан отыз бір жаста екен), сұлу қазақ жігіті мінбеде докторлық диссертациясын қорғап, сөйлеп тұр екен. Бұл – менің мұндай жиынға тұңғыш қатысуым.
Анна Михайловна ымдап, бізді қасына шақырып отырғызды.
– Ермұхан Бекмаханов – осы жігіт. Ол бәрін дұрыс айтып тұр, бірақ байқаған боларсыз, аздап толқу үстінде, – деді сыбырлап.
– Меніңше, Анна Михайловна, сіз одан да гөрі толқу үстіндесіз, – дегенімде ол шынтағымды қысып, жымиып күліп қойды. Сол сәт есіме Қаныш Имантайұлының Ермұхан туралы:
– Ол жігіт – талапты, білімді жастарымыздың бірі. Болашақта одан күрделі еңбек күтуге болады, – деген сөзі түсті.
– Жақсы қорғады. Сөз жоқ, тақырыбын ұлғайтып үлгергенін оппоненттері де, басқа сөйлеушілер де мойындай бағалады, – деді жолдас академик Кәрім Мыңбаев.
– Мүдіріп қалар ма екен деп қорқып едім. Оңай дейсіз бе, москвалық өңкей азулы, ірі ғалымдардың алдында, – деді химия ғылымдарының докторы Ерден Әзірбаев.
– Ол мүлде қағазға қарамай сөйледі, шешен екен, – деді РСФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері Вера Павловна.
Ертесіне Анна Михайловна мені «Гранд Отель» мейрамханасына ертіп барды. Ермұхан шаршап отыр екен. Әңгіме онша үйлесіңкіремеді.
Ол кезде карточка жүйесі. Менің карточкам полковниктікі. Елу процент жеңілдігі және ол бойынша азық-түлік кезектен тыс беріледі.
– Анна Михайловна, Ермұхан Бекмаханов қорғауын атап өтпек пе?
– Сіз естіпсіз ғой.
Менің қосқаным, – деп үш мың сомдық карточкамды және бір жарым мың сом ақша бердім. Анна Михайловна қатты қуанды.
Біраз отырғаннан кейін желеу тауып, орнымнан тұрдым.
– Бауыржан, маған «Кавказ жазбалары» блокнотыңды қалдырып кетші. Ертең қайтарамын, – деді Анна Михайловна. Мен сол кісіге әскери командирлік дәптерімді тапсырып, қош айтыстым.
Ертеңіне мені Бас штаб Подольскіге жұмсады. Ермұханның тойында бола алмадым. Үш күннен кейін Анна Михайловна ЦДСА-дағы бөлмеме келді.
– Мен сіздің жазбаларыңызбен толық танысып шықтым. Ермұханға да оқып бердім. Оған сіздің рұқсатыңызсыз оқығаныма кешірім өтінемін. Ол өткенде сіздің тез кетіп қалғаныңызға қатты өкінді… Мен Тәуке хан, Бірінші Петр, Цеван Рабдан, Галдан Церен, Абылай хан туралы екеуміздің арамызда болған әңгімені айтқанымда, тыңдап, таңқалды.
Анна Михайловна, мен Ермұханның ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының тарихы жөніндегі біліміне таңқаламын, – дедім.
Мұның дұрыс. Ол өте адал, білуге құмар… материалдарды өте мұқият, тиянақты зерттейді… Өкінетініміз сол, архивтік документтердің бәрі қолымызға тие бермейді, – деп күрсінді.
Қысқасы, Анна Михайлованың бізге жәрдемі көп тиді. Өте ақылды кісі еді. Ермұхан қаралы азапқа душар болып қамалғанда, ол кісі қатты қайғырды, қолынан келген көмегін аяған жоқ. Тиісті орындарға барып, оны ақтап түрмеден босатты. Мұны мен ұстаз бен шәкірттің арасындағы ғана қарым-қатынас деп емес, ерлік деп білемін…
Еркін отырдық.
Оңғарбек Бердібаев соғыс кезінде менің қарамағымда полк дәрігері болған кісі еді. «Москва» қонақ үйінде докторлық диссертация қорғағанына байланысты той істеді. Дастарқанды Сәбит Мұқанов басқарды.
Той енді қыза бергенде, Ермұхан төбе көрсетті. Отырғандардың біразы:
– Әй, сен мынаны неге шақырдың?! – дегендей сұрланып, тыжырына қалды. Төрге шық деген ешкім жоқ. Қасымда Тілеш Шойынбаев отыр еді.
– Тілеш, қарағым, орныңнан тұр, – деп, Ермұханды қасыма отырғыздым. Бұл қылығым тыжырынғандарға ұнаған жоқ. Намысым, ашуым қозып, рұқсатсыз сөз сөйледім.
– Қарағым, профессор, – дедім орнымнан тұрып, Ермұханға қарап.
– Мен Тынық мұхиттан Орта теңізге, Шығыстан Батысқа дейінгі аралықты шарлап шыққандардың біреуімін. Ойлы-қырсыз, тау-тассыз, жыра-жылғасыз жерді мен көргенім жоқ. Бұл айтылғанның астарына түсінерсің, шырағым. Сен тарихшысың. Қазақ халқының да өз заманында өзіне жарастық қару-жарағы, қолбасшылары болғаны рас. Ол өткен заманды сен менен гөрі жақсы білесің… Біздің заманда Әліби Жангелдин деген кісі болған. Оның ықпалымен Амангелді Иманов қол бастап, майданға шыққан.
– Әй, Бауыржан, сен бізге лекция оқып тұрсың ба, ей?! – дейді Сәбит маған жақтырмай.
– Сәбе, кешіріңіз, лекцияны сізге оқып тұрғам жоқ, профессорға оқып тұрмын. Мен атаған кісілер туралы сіздің пікіріңіз елдің бәріне мәлім ғой. Оны профессор да оқып шыққан. Ал менің пікірлерімді оқып шыққан жоқ. Естісін деп әдейі айтып тұрмын.
Оңғарбектің өңі қашып кетті. Көзімді аларта қарап:
– Ей, шырағым доктор, Ермұханды мына тойыңа мен шақырғам жоқ, сен шақырғансың. Бұл жігіт жаламен жабылған қара жаулығынан құтылдым ба, құтылмадым ба деп арамызға жаңа қосылып отыр.
Түсінсең, бұл жалғыз саған емес, маған да келіп отыр. Тойымды бұзды деп ойласаң, рұқсат бер, біз кетейік!
Оңғарбек орнынан ұшып тұрды.
– Бауке, бұл не дегеніңіз, өзім шақырғаным рас, – деді сасқалақтап. – Ең құрметті қонақтарым сіздерсіздер.
Осыдан кейін тыжырынған-мыжырынғандардың үні өшті. Еркін отырдық.
ТАРИХШЫНЫҢ ӨКІНІШІ

1966 жылдың көктемі. Ермұхан екеуміз Қазақ ССР Министрлер Советінің ауруханасында қатар палатада жаттық. Көңілін сұрамақ болғанымда, дәрігер Анна Павловна (фамилиясын ұмыттым):
– Ол кісінің үстіне кіруге жұбайынан басқа ешкімге рұқсат жоқ. Сіз дұрыс түсініңіз, жағдай осыған мәжбүр етті, – деді. Арада біраз күн өткенде:
– Бауке, ініңізге жолығып шықсаңызшы. Мен дәрігерден рұқсат алдым, – деп әйелі палатама еніп, қинала үн қатты. Ішімнен: «Келін күдерін үзген халде екен ғой», – деп шошып қалдым.
Ақ халат киіп, Ермұханның палатасына ендім. Кірсем, ет пен сүйегі қалған (бірақ сыры кетсе де, сыны кетпеген), жатыр екен.
– Бауке, дәрігер сізге ғана рұқсат беріпті ғой. Ассалаумағалейкум, – деп зорлана жымиып, қолын созды. – Елу жас не, Бауке? Көп ой қап барады… Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз, – деді.
Бұл маған тарихшының алдындағы өкінішіндей сезілді…

ӨМІРДЕ ДЕ СҰЛУ ЕДІ…

…Сағат күндізгі екі. Үйде жазу жазып отыр едім, дәрігер Анна Павловна телефон соқты.
– Бауыржан, Ермұхан Бекмаханович…
– Түсінікті. Ол бізге ұзақ жасауға әмір етеді, – дегенімде, дәрігердің даусы дірілдеп:
– Иә, солай, Бауыржан, – деді.
Марқұмды жерлеп, қайтып келеміз. Жолда:
– Байқадыңыз ба, табытта ол тірі адамдай, сұлу күйінде жатты, – деді Анна Павловна.
– Түсінгеніңізге рақмет. Ол өмірде де сұлу еді, – дедім мен.

ЕРЕКЕҢ ЕЛ
АРДАҚТЫСЫ

Алпысыншы жылдары түскен бір суретке қарап отырып, Ермұхан ағайды есіме алдым. Ол кісімен менен көп жыл бұрын таныс-біліс болған әйгілі Ілияс Есенберлиннің мына бір сөздерін жадымда берік сақтаппын.
«Ермұхан Бекмаханов менің қазақ тарихын зерттеп білуіме соншалық әсер етті, өйткені бұл ғалым қазақ елінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы экономикасы, әлеуметтік құрылысын зерттегенде, Кенесары қозғалысына байланысты нақтылы материал жетіспейтін және соны толықтыруға Орткомның жәрдемдесуін сұрапты. Сол жұмысты Жұмекең Дінмұхаммед Ахметұлы арқылы маған жүктеді. Соғыс уақыты болса да, Ортком Бекмахановқа барынша болысты. Көбіне әуелі Петропавлда, кейін Омскіде болып жүрдім. Ортком қызметкері неге сонша архивте көп отырады деген сезік болмау үшін, кейбір архив материалдарын қонақ үйіне алдырып оқимын. Отарлау саясаты қалай жүргенін, Орынбордан бастап, бекіністердің не үшін тездетіп салынғанын әбден түсіндік. Негізгі сүйенген ұстанымымыз – ұлттық намыс, Сталиннің орыс халқы туралы және «бізді ата-баба аруағы қолдасын» деген сөзі еді. Біз де өзіміздің тарихи қаһармандарымызды дәріптеуіміз керек болды. Осы принцип кейін Бекмахановты ұлтшыл деп кінәлауда тілге тиек болды…
Кенесары қозғалысы туралы жинаған материалды машинкаға бастырып, бір данасын өзім алып отырдым. Екі данасын тікелей бастығым Дінмұхаммед Ахметұлына табыс етемін. Ол кісі Шаяхметовке көрсеткеннен кейін ғана Ермұханға береді. Сөйтіп, келесі іссапарының бағытын Бекмаханов белгілеп, Димекең қолына жазып береді, ол маған тапсырады, міне, сөйтіп жүріп тарихшы болып алдым».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support