- Advertisement -

«Ақ жол» – Оқырманға ой салатын басылым

88

- Advertisement -

Облысымыздың оңтүстік-батысында орналасқан Жуалы ауданы – жері шұрайлы, табиғаты көркем мекендердің бірі. Кезінде әйгілі Асан қайғы бабамыз желмаясына мініп, Жерұйықты іздегенде, осы өлкеге сүйсіне қарап:
«Басқаның бәрін қисаң да,
Жуалыны қимайсың.
Өңгеріп алып кетер ем,
Ат сауырына сыймайсың», –
деп тамсанып жырлаған екен.
Осынау топырағы құнарлы, шөбі шүйгін, суы бал өңірдегі жандары жайсаң жұртшылық өздерінің жайма-шуақ тіршіліктерін береке мен мерекеге толы күйде өткеруде. Талай-талай батырлар мен қаламгерлерді түлеткен ауданның бүгінгі тұрғындары да өз істеріне епті, еліміздің өсіп-өркендеуіне бейіл. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деген қағидатты жете түсінген жуалылықтардың облыстық «Ақ жол» газетіне деген құрметтері де ерекше, ықыластары да ыстық екен. Оны аудан халқының редакция ұжымымен болған кездесуінен байқадық.

img_6593 img_6597 img_6604 img_6627 img_6637Жазылым науқанына орай облыстық қоғамдық-саяси «Ақ жол газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор-бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, оның бірінші орынбасары Ақылжан Мамытпен болған жүздесуге аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов қатысып, жиынды ашып, жүргізіп отырды.

– Құрметті жуалылықтар, бүгін сіздермен кездесуге облысымыздың бас басылымы, тоқсан жылдан астам тарихы бар «Ақ жол» газетінің басшы­лығы келіп отыр. Облыстың бас басылымының өткені ғасырға жуық уақытты еншілеп, сол уақыт ішінде белгілі тұлға­лардың басқаруымен түрлі соқпақтармен жүріп, бүгінге жетті. Тәуелсіздік алған жиырма бес жылдың ішінде «Ақ жолымыз» өсіп-өркендеу үстінде. Соңғы жылдары, тіпті, көркейіп, құлпырып, мазмұны да арта түскеніне бәріміз куәміз. Беттелуі, әрленуі, материалдардың орналасуы – бәрі-бәрі жаңаша үйлесіммен жасалуда. Сонымен бірге, облысымыздың бас басылымы арқылы өңіріміздегі бар жақсы жаңалықтар­дан хабардар болып, игі істермен жіті танысып отырамыз. Өз ауданымызда да орын алған қуанышты хабарларды оқып марқайып қаламыз, – деген Бақтияр Көпбосынов ауданның кейінгі жылдары даму қарқыны жоғарылағанын, қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы да таныстырып өтті.
Бұдан соң облыстық басылым басшысы Көсемәлі Сәттібайұлы сөз алып, Жуалы жерінің көркем табиғаты мен топырағынан түлеген таутұлғалар жайлы тебірене ой қозғап, еліміздің, облыстың Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне көз жүгіртіп, аудан халқына, оқырмандарға газет ұжымының шығармашылық ізденістері туралы айтты. Сондай-ақ, ол аудан халқының газетке жазылуда белсенді екеніне тоқталып, алдағы уақытта да жуалылық оқырмандар саны одан әрі еселене түссе, нұр үстіне нұр болатының жеткізді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ақ жолдың» жанашыр оқырманы Жарас Мұратай аудан халқының бас басылымға деген қызығушылығы жоғары екенін, келесі жазылым науқанында олар аса белсенділік танытуға тырысады деген сенімін білдірді.
– Облыстық «Ақ жол» газеті бүгінде халыққа жағымды, тартымды болып жарық көруде. Бұл да болса ұжымды ұйыстырып, осындай «халық­тың көзі, құлағы һәм тілі» болған газетті шығарып отырған басшылықтың арқасы деп білемін. Шығарма­шылық ұжымға табыстар тілеймін. Айта кетер бір ұсыны­сым, қазіргі әлемдегі, елдегі өзекті жайттардың біріне айналып отырған экстремизм, терроризм туралы, жат ағымдардың жетегінде адасып жүрген жастарға сабақ болатын ой саларлық дүниелер көптеп жарияланса екен деген тілегім бар. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келгенде айта кетейін, ауданымызға Бақтияр Көпбосынов басшы болып келгелі көптеген игі істер атқарылуда, – деді Ж.Мұратай.
Бұдан кейін сөз алған аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакторы Мейірбек Мәтенов ата басылымға қарап бой түзеп, үлгі тұтатындықтарын жеткізсе, аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Сыпатаева, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнұр Қадырқызы, жастар белсендісі Жәнібек Мырзабек өздерінің ой-ұсыныстарын ортаға салып, көпшілікті «Ақ жолға» жазылуға шақырды.
Жуалылықтар келесі жылы 1500 дана «Ақ жол» газетіне жазылуға уәде берді.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support