- Advertisement -

Жайылманың жаңа дәрігерлік емханасы

149

- Advertisement -

Бүгінде мемлекет тарапынан әрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр.
Соның бір айғағы, Жайылма ауылындағы жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория тұрғындардың денсаулығын сақтауына үлесін қосары сөзсіз. Аудан орталығына да сабылмайтын болды.
Емдеу мекемесінің ашылу салтанаты кезінде аудан әкімі Бейбітбек Жайлыбаев жаңа емханада озық медициналық құрал-жабдықтардың бар екенін, оларды күтіп ұстап, халықтың игілігіне пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
«СК Тараз Еврострой» ЖШС-ның директоры Әнуар Исаев алыстағы ауыл тұрғындарына арналған 20 орындық амбулатория ғимаратының кілтін Жайылма ауылының аға дәрігері Лаура Мадалиеваға салтанатты жағдайда тапсырды.
Жаңадан пайдалануға берілген ауылдық дәрігерлік амбулаторияның заман талабына сай жабдықталған бөлмелерімен танысқан жайылмалықтар атынан сөз алған көп балалы ана Базаркүл Жұмабекова:
– Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жыл санап өсіп келеді. Соның нәтижесінде қала, ауыл, елді мекендеріміз көркейіп, ажарлана түсуде. Бұл жан жадыратар жақсылықтардың бірі ғана деп білеміз. Елбасына, облыс, аудан басшыларына айтар алғысымыз шексіз, – деді ағынан жарылып.

Дариха Үмбетиярова,
журналист.

Жайылма ауылы,
Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support