- Advertisement -

30 тоннадай азық-түлік Ресей шекарасынан елімізге кері қайтарылды

63

- Advertisement -

Қазан айының басынан бері Ресейдің Новосібір облысының аумағына карантинге іліккен 70 тоннадан астам өнімді кіргізуге тыйым салынды.

Новосібір облысы бойынша Ресей ауыр шаруашылығын бақылау басқармасының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың жылдың қазан айының басынан бері Новосібір облысы бойынша Ресей ауыр шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары «Қарасуық» фитосанитарлық бақылау бекетінде карантинге іліккен 24,832 тонна қырғызстандық, 28,88 тонна қазақстандық және  20 тонна өзбекстандық өнімді тоқтатты.

Өнім Новосібір мен Алтай өлкесінде сатылу үшін Қазақстан және Қырғыз Республикаларының автомобиль көлігімен тасымалданған.

«Карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде аталған өнімдер олардың фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз немесе жалған құжаттармен тасымалданғаны анықталды», делінген хабарламада.

Халықаралық карантиндік заңнама талаптарына сәйкес, барлық өнімді Ресей Федерациясы аумағына енгізуге тыйым салынды. Жүк Қазақстан және Қырғыз еліне кері қайтарылды.

 

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support