- Advertisement -

мыңдардың марафоны

89

- Advertisement -

оған тараздықтар белсене қатысты

Тараз қаласы күні мерекесіне орай қала әкімдігі орталық «Достық» алаңында жеңіл атлетикадан достық марафонын ұйымдастырды. Бұл спорттық шараға жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары, денсаулық сақтау, спорт саласының қызметкерлері және қала тұрғындары белсене қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк жиналған жұртшылықты Қала күні мерекесімен құттықтады. Ол тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануы аса өзекті екенін айта келіп, қала бойынша спортшылардың жетістігін баяндап, марафонға қатысушыларға алғыс білдірді.
Марафоншылар «Достық» алаңынан Төле би көшесі арқылы еліміздің Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа дейін жүгіріп өтті.
«Осындай патриоттық іс-шараларға қатысып тұрамын. Жастарға мұндай марафондардың берері көп. Қала күні – ортақ мереке», – дейді студент Рауан Жаңабай.

Е.Жаңабайұлы,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support