- Advertisement -

Самат Смақов футболдағы мансабын аяқтады

59

- Advertisement -

Қазақстандық футболдың ардагері Самат Смақов ел құрамасы үшін Румынияға қарсы матчта соңғы рет ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыниямен тең түскен ойыннан кейін спортшылар киім ауыстыру бөлмесінде Смақовты шығарып салу рәсімін жасады. Футболшыны аспанға лақтырған видеоны павлодарлық «Ертіс» қақпашысы Давид Лория өз парақшасында жариялады.

«Бұл менің ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыным. Бұл шешімді қабылдау оңайға соққан жоқ. Мен ұзақ ойландым. Жастарға жол беру керек. Менің соңғы ойыныма келген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Футболшының мансабын аяқтағаныммен, ұлттық құрамадан кетпеймін. Бапкер ретінде еңбек етуім мүмкін», — деді Самат Смақов «Қазақстан» арнасындағы тікелей трансляция барысында.

Айта кетейік, 37 жастағы жартылай қорғаушы Құрама сапында 2000 жылдан бері ойнады және рекордты 75 матчқа қатысты.

Қазіргі ойыншылардан Смақовты мына спортшылар қуып жетуі мүмкін — Нұрбол Жұмасқалиев (55 ойын), Давид Лория (40 матч) және Сергей Хижниченко (39 ойын).

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support