- Advertisement -

Бірлік ауылының атына заты сай

121

- Advertisement -

Бірлік – баға жетпес байлық. Бұған татулықты ту еткен қазақстандықтардың Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қол жеткізген толайым табыстары дәлел. Халық қашанда елдің тұтастығы сақталғанын қалайды. Сондықтан да, «Мәңгілік Ел» болу үшін барша қазақстандықтар бір шаңырақ астында бес саусақтың саласындай, бір атаның баласындай еңбек етіп келеді.
Біздің ауылдық округте 3315 тұрғын, 615 отбасы бар. Бірлік – аудан орталығынан кейінгі ең үлкен ауылдардың бірі. Қазаққа ғана емес, әртүрлі ұлт өкілдеріне де құтты қоныс. 88 күрд,17 қырғыз, 7 әзірбайжан, 4 өзбек және дүнген, грузин, татар ұлттарының өкілдері де осы елді мекенде тұрақтап, тіршілік етуде. Ал жергілікті билік және өзін-өзі басқару органдарымен, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» бастауыш партия ұйымы және үкіметтік емес ұйымдар, жастар орталығымен бірлесе жұмыс атқаратын «Барбанг» этномәдени орталығының филиалы тұрғындар татулығының негізгі ұйытқысы болуда. Негізінен, аталған бірлестікке жетекшілік етіп жүрген Аслан Давыдов Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді.
Бірлікті бекемдеуге ықпал етіп, керек жерінде демеушілік танытып жүрген ауыл кәсіпкерлері Қосым Байранов, Көгершін Ибрагимова – туған ауылын көркейтуде өзгелерге үлгі көрсетіп жүрген жандар. Ауыл тұрғындары қоғамдық шараларда шетінен белсенді. Солардың арасында ынтымақтастық тақырыбында ұйымдастырылған аудан, облыс көлеміндегі жарыстарда жеңімпаз атанған «Сырсандық» әжелер ансамблінің мүшесі Айша Давыдова және «Ақбөпе» балабақшасының тіл маманы Телен Давыдованы ерекше атап өткен жөн.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Тәуелсіз ел атанып, бұрын-соңды болмаған, өзгелермен терезесі тең мемлекет құрдық. Дүниежүзі сыйласатын ел атандық. Соның бәрі – біздің бірлігіміздің арқасы», деген сөзін ауылымыздың тұрғындары естен шығарған емес. Сондықтан, бір-бірінің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына құрметпен қарайды. Ауылымыздың өркендеп, ажарлана түсуі де осы ауызбіршілігіміздің арқасы.
Қазақтың шежірелі тарихы мен мәдени мұраларын, тілі мен дінін өзге ұлт өкілдері жетік меңгерген. Кезінде олардың ата-бабаларының тағдыр талайымен Қазақстанға ауа көшіп, осында тұрақтауы, өздеріне қамқорлық танытқан қазақтармен қоян-қолтық араласып, достық қарым-қатынаста күн кешуі олардың қазақы салт-дәстүрді бойына сіңіріп, мемлекеттік тілде еркін сөйлеуіне ықпал еткен. Бұны отбасылық тәрбиенің әсері әрі қазақтарға көрсеткен құрмет деп білемін. Түрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт күн кешкен ауылымыздың аты Бірлік деп бекер қойылмаған. Өйткені, біз о бастан бірлікті, біртұтастықты ту еткен елміз.

Талғат Мұсақұлов,
Бірлік ауылының әкімі.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support