- Advertisement -

Басқарманың бұрынғы басшысы 10 767 050 теңге айыппұлмен құтылды

132

- Advertisement -

Тараз қаласының №2 соты медициналық мекемелердің басшыларынан заңсыз алым-салық жинаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты үкім шығарды. Мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылған Ерлан Масалимов енді өзі алған параның 70 еселенген мөлшерінде, яғни 10 767 050 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Е.Масалимов бірнеше рет өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып пара берушілердің мәселесін шешіп берген. Қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері К.Сағынғалиева мекемеге тасымалды рентген аппаратын алу керектігін айтып, бірнеше рет басқарма басшысына барған. Мәселені оңынан шешу үшін сый дәметкен басшыға К.Сағынғалиева 150 000 теңге пара берген. Масалимов басқа да медицина қызметкерлерінен осындай «сыйлықтар» алып отырған.
Тараз қаласы №2 сотының 29 тамыздағы үкімімен Е.Масалимов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-бөлігінің 1,4-тармақтары (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), 366-бабының 3-бөлігі (пара алу) бойынша кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылған Масалимовтың меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленеді. Оған өзі алған параның 70 еселенген мөлшерінде, яғни 10 767 050 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support