- Advertisement -

«Қорғастың» қожайыны 1 миллион доллар пара алған

82

- Advertisement -

1 миллион доллар пара алған «Қорғас» шекаралық серіктестік халықаралық орталығының президенті Василий Нидің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметіне сүйенсек, Ни «Қорғас тюльпан» компаниясының өкілінен тендерде жеңіске жету үшін осынша көлемде «сыйақы» сұраған.
Аталған компания басшысы халықаралық орталықтың аумағынан 5 жұлдызды қонақ үй салмақ болыпты. Жобасын жүзеге асыру үшін миллион доллар ұсынған. Параны Ниге «Қорғас» шекаралық серіктестік халықаралық орталығының инвесторлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі жеткізіп берген.
Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірер жыл бұрын Қорғастан қыруар қаржы қымқырған тұтас бір қылмыстық топ ұсталып, сотталған еді. Енді олардың қатарына Василий Ни де қосылып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support