- Advertisement -

Балалар алаңына темекі тұқылын тастаған астаналыққа 21 мың теңге айыппұл салынды

67

- Advertisement -

Астанада балалар ойнайтын алаңқайға темекі тұқылын тастаған ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі хабарлайды.

“2 қыркүйек күні күндіз учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Қасенов Сейфуллин көшесіндегі 29 үйдің ауласынан 1998 жылы туған К. есімді азаматты байқап қалады. Ол азамат темекі шегіп тұқылын балалар алаңқайына тастап кеткен. Қоғамдық орынды ластағаны үшін 18 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып ҚР әкімшілік кодексі 434 бабы негізінде айыппұл салынды”, – деді жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаева.

Мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен К. есімді азамат 10 АЕК (21 210 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Қазіргі күнге дейін тәртіп сақшылары 3493 кіші бұзақылық әрекеттерін байқап, материалдар сотқа жіберілген.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support