- Advertisement -

Келл Брук «Кел, Гена!» деп тұр

86

- Advertisement -

Бокссүйер қауым отандасымыз Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жекті асыға күтуде. Айтулы ойынның өтетін уақыты жақындаған сайын көпшіліктің қызығушылығы да артып келеді. Бір қызығы, межелі сәт таяғанда әлеуметтік желіде Келл Брук: «Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу кезінде жиналған халық өте таңғалатын болады. Қарсыласымның салмағы 72 келі, менің салмағым 66,7 келі. Соған қарамастан, мен қазақстандық қарсыласымнан үлкен, зор тұлғалы болып көрінемін. Рингте де Майқұдықтан шыққан атақты спортшыдан еш кем түспеймін. Осыған уәде беремін. Соңғы бір ай ішінде ешқандай салмақ қосқан жоқпын. Есесіне бұлшық еттерім мығым, дайындығым жақсы. Мен орта салмақта бұрын жұдырықтасқан емеспін. Алайда, бұл мен үшін қалыпты жағдай. Қарсыласымнан еш қорықпаймын» деген ақпарат таратты.
Әрине, британдық спортшы өзіне өте сенімді шығар. Алайда, Геннадийдің де әр ойынға өте жақсы дайындықпен шығатынын барша жанкүйер біледі. Қалай болғанда да барлығын ринг көрсетеді. Келл Бруктың сөзінде қаншалықты салмақ бар екені жекпе-жекте байқалады. Қыркүйектің 10-ы күні Астана уақытымен сағат 23.00-де «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналары тікелей эфирде көрсететін кездесуде шын мықты анықталатын болады.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support