- Advertisement -

Батумиде бөгелген туристердің барлығы Қазақстанға оралды

71

- Advertisement -

Грузияда «бөгеліп» қалған барлық 324 турист Қазақстанға оралды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаров мәлім етті.

«Бүгін таңғы сағат 3:45-те Батумиде «бөгелген» қазақстандық туристері бар ұшақ рейсі  Астана әуежайына келіп қонды. Еске салайық, Грузияда Skybus компаниясының рейстері тоқтатылуына байланысты қазақстандық туристер қалып қойған болатын», — деп жазды министр кеңесшісі Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, проблема тікелей министрдің араласуымен және BekAir компаниясының түсіністігі арқасында оң шешімін тауп отыр.

«Барлығы екі тәулік ішінде 324 адам шұғыл тәртіппен елге жеткізілді. Дегенмен, алдағы уақытта осындай оқиғалар қайталанбас үшін шетелдегі туристерді қорғау жөннідегі жүйені жүзеге асыру керек. Олардың тұратын орнын, тамағы мен кері қайту мәселелері дұрыс шешілуі тиіс. Туроператорлар қауымдастығына өтініш, басталған жұмысты жеделдетіп, қатысу сатысына байланысты консенсус табу керек», — деп жазды Т.Бердоңғаров.

Еске сала кетсек, 26 тамызда 300-ден астам қазақстандық турист Батумиден елге қайта алмай қалған болатын.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support