- Advertisement -

Пекин әуежайындағы қазақ балаларының өнері таңқалдырды

95

- Advertisement -

Қытай Халық Республикасының астанасы Пекиннің әуежайындағы қазақ балаларының өнері желі қолданушыларын тебірентті.

Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Сіз білмейтін қызықтар” парақшасында жарияланды. Видеоға 4 мыңнан астам лайк басылып, бейнежазба 5000-нан астам рет бөлісілген.

Пікір қалдырушылар қазақ балаларының талабына риза болып, ризашылықтарын білдірген. Олардың көбісі балаларға “тіл-көз тимесін” деп жанашырлықтарын танытқан.

Видео барысында балалар бірінен соң бірі пайда болып, біртіндеп әуежай ішін қазақтың ұлттық аспаптарының үні мен балалардың көркем үні көмкеріп кетеді. Әу баста онша назар аудармаған жолаушылар да, әсем әуенге елітіп, балалардың өнеріне таң-тамаша қалған. Олар барлығы бірге халық әні “Әгугәйды” орындаған.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support