- Advertisement -

Отандық өнімді насихаттаған үздік журналиске автокөлік табыс етіледі

65

- Advertisement -

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында журналистер арасында отандық өнімдерді насихаттау мақсатында «Самғау»ұлттық байқауы өтеді.

Шараны Бас редакторлар клубы мен «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы ұйымдастырып отыр.

Байқау 7 аталым бойынша өтеді. Оған еліміздегі барлық БАҚ өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды halykmarkasy.kz.

Жеңімпазға арналған басты жүлде – Қазақстанда жасалған автомобиль.

Айта кетейік, байқауға өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  halykmarkasy@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Ал, барлық аталымдар бойынша материалдар байқауға 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде электронды түрде ғана ұсынылады.

Байқау мына аталымдар бойынша өткізіледі:

«Баспасөз» (газеттер, журналдар);

«Радио»;

«Телевизия»;

«Интернет – БАҚ» (оның ішінде жаңалықтар агенттіктері);

«Әлеуметтік медиа» (блогерлер);

«Шетелдік БАҚ».

Ақпарат көзі: kaztrk.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support