- Advertisement -

Олимпиада жүлдегерлері «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды

90

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс және қола медаль иегерлерін «Парасат» және «Құрмет» мемлекеттік ордендерімен марапаттады.

Атап айтқанда, «Парасат» орденіне күміс медаль еншілеген — Гүзел Манюрова, зілтемірші Жазира Жаппарқұл, дзюдошы Елдос Сметов, сондай-ақ қола жүлдегер Иван Дычко ие болды.

«Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер — дзюдошы Галбадраx Отгонцецег, зілтеміршілер — Карина Горичева, Александр Зайчиков пен Фарxат Харки, палуан қыздар — Екатерина Ларионова мен Эльмира Сыздықова, боксшы Дариға Шәкімова марапатталды.

«Сіздің қолдауыңыздың арқасында Олимпиада ойындарына тағы бір мәрте қатысуға және елімізге медаль алып беруге мүмкіндік алдым. Бұл -ұмытылмас сәт. Мен өзімнің Президентіме, еліме деген мақтанышымды әлі де болса жасыра алмай жүрмін. Біз Қазақстанның әлемдегі спорттық держава екенін тағы бір мәрте дәлелдедік деп санаймын», — деді Олимпиада ойындарында күміс еншілеген палуан Гүзел Манюрова Президентке қаратып айтқан сөзінде.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support