- Advertisement -

Астанада Олимпиада чемпиондарына құрмет көрсету салтанаты өтеді

58

- Advertisement -

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Олимпиада чемпиондарына құрмет көрсету шарасы өтеді. Дәстүр бойынша чемпиондар алдымен кортежбен Астана көшелерімен жүріп өтеді. Содан кейін «Қазақстан» залында өтетін салтанатты шараға қатысады, деп хабарлайдыBaq.kz тілшісі.

Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан үш алтын, бес күміс, тоғыз қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте 22-ші орын иелендік. Медаль саны жағынан рекорд орнаттық. Бұған дейін Атлантада 11, Сиднейде 7, Афиныда 8, Пекинде 13, Лондонда 13 медаль еншілеген болатынбыз. Бұл жолы қоржынға 17 жүлде түсті.

Қазақстандық спортшылар Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов және Дмитрий Баландин алтын алса, Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов пен Гюзель Манюрова күміс медальға қол жеткізді. Қола жүлде алғандардың қатарында Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, Дариға Шәкімова бар.

Осы жылғы Олимпиада ойындарына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support