- Advertisement -

Риоға ризамыз, енді Токиоға дайындық басталады

102

- Advertisement -

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Рио ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтады.

Кездесуге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қатысты. 16 күнге созылған кешенді сынға баға берген Тимур Асқарұлы бейресми командалық есепте 22-орын иеленген қазақ елінің спортшылары уәдеде тұрды дегенді айтты. Әсіресе, брасс әдісімен малтуда Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландинге, допинг дауы жүйкеге тиген сәтте жігері мұқалмаған ауыр атлеттер командасына, кез келген жарыстан жүлдесіз қайтпайтын былғары қолғап шеберлеріне алғыс айтты. Олимпиада чемпионы атанған Данияр Елеусінов пен алтын медаль тағынған Нижат Рахимов шеберлігі жайында да ой қозғады. Елдің, Елбасының қолдауын сезінген Қазақстан құрамасы он жеті жүлде алып, өзіндік рекорд жаңартқанын да еске салды. «Жарыс жолына шыққан кез келген спортшы барын салды, аянып қалған жоқ. Бапкерлер де көп жұмыс істеді, табыс соның нәтижесі», — деді Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы. Тимур Құлыбаев, ҰОК президенті: — Риоға келген сәтте олимпиадалық қалашықты араладық. Әскерилер жеңіске жеткендерді марапаттауға дайындық көріп жатыр екен. Реті солай келген шығар. Қолдарында біздің ту. Туымыз биікте желбірейді. Артынша әнұран ойналады. Жақсылыққа баладым. Көріп отырсыздар, үйіп медаль алдық. Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы: — Боксы дамымаған елдің балалары жеңіске жетіп жатады. Әркім барын салады. Мұнда қателікке жол жоқ. Олимпиада деген сондай жарыс.


Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support