- Advertisement -

Мохаммед Әлидің исламды қабылдау туралы хаты аукционда сатылады

103

- Advertisement -

Аты аңызға айналған боксшы Мохаммед Әлиге тиесілі бірнеше ондаған заттар АҚШ-та Heritage бәссаудасына шығарылады, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Сауда-саттыққа қойылған заттардың ішінде Әлидің Джордж Форманды жеңгеннен кейін 1974 жылы ұтып алған Дүниежүзілік боксшылар кеңесі тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионының белбеуі де бар. Бәссауда ұйымдастырушысы оны 600 мың АҚШ долларына сатпақшы.

Тарихқа «Джунглидегі шу» ретінде енген Форманға қарсы айқаста киген боксшының қолғабы, шолақ шалбары да сатылады. Бірінші лот 100 мың доллардай, екіншісі — 150 мың доллар әкеледі деп күтілуде.

Тағы да бір құнды лот 1964 жылы ақпанда оларға Life жіберген боксшының хаты. Онда Кассиус Клей исламды қабылдауға және есімін өзгертуге себеп болған жәттер сөз болады. Heritage Auctions өкілдерінің айтуынша, хат 100 мың долларға сатылуы мүмкін.

Мохаммед Әли 75-ке қараған шағында 3 маусымда қайтыс болды. Өзінің кәсіби мансабында Әли 61 айқас өткізді. Оның ішінде 5 рет ұтылса, 56 рет жеңіске жетті.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support