- Advertisement -

Рио-2016: Олимпиада ойындарында медаль алған мемлекеттер саны 27-ге жетті

67

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында медаль алған мемлекеттер саны 27-ге жетті. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Қазір Австралия 3 алтын, 2 күміс медальмен көш бастап келеді. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген қытай құрамасы көтерілді. Ал үздік үштікті 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған оңтүстіккореялықтар түйіндеп тұр.  Қазақ елінің спортшылары жалпы есепте, Олимпиаданың алғашқы күні ұтып алған 1 күміс, 1 қола медалімен 16-орынға сырғыды.

Әзірге 14 мемлекет алтын алып үлгерді. Олар Австралия 3 алтын, 2 күміс, Қытай 2 алтын, 2 күміс, 3 қола, оңтүстіккореялықтар 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілесе, Венгрия 2 алтын, АҚШ 1 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Ресей спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальды қоржындарына салды. Ал Жапония спортшылары 1 алтын, 5 қола медальды олжаласа, Таиланд, Нидерланды, Вьетнам, қытайлық Тайбэй, Бельгия, Косово, Аргентина елдері 1 алтын, бір-бір қола медаль жеңіп алған.

Қазірге дейін 19 алтын, 19 күміс, 22 қола (60) медаль сарапқа салынды.

 

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support