Рио-2016: Арли Чонтей жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады

Рио-2016: Арли Чонтей жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады
ашық дереккөз
Рио-2016: Арли Чонтей жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады
Ауыр атлет Арли Чонтей 56 келі салмақта жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, қоссайыстың алғашқы жаттығуын 5-орынмен аяқтады6 деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Жұлқа көтеру сайысында отандасымыз бірінші мүмкіндігінде 125 келіні еркін бағындырды. екінші мүмкіндігінде 130 келіні басынан асыра көтерді. Ал үшінші мүмкіндігінде бас бапкер 132 келіге тапсырыс берген еді, алайда оны Чонтей көтере алмады. Қоссайыстың алғашқы жұлқа көтеру түрінен бірінші орынды 137 келіні бағындырған қытай спортшысы иеленсе, екінші орынға 134 келіні бағындырған Солтүстік Корея спортшысы жайғасты. Үздік үштікті 132 келіні бағындырған Таиланд спортшысы түйіндеді. Естеріңізге сала кетейік, Алексей Нидің шәкірті Арли Чонтей  Қазақстан чемпионы (2013), Азия чемпионатына, Қазан универсиадасына, әлем чемпионатына қатысушы,  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар