- Advertisement -

Ердоған екі бірдей оққағарын көтерілісшілердің өлтіріп кеткенін айтты

130

- Advertisement -

Түркияда әскери төңкеріс кезінде президент Реджеп Тайып Ердоғанды қорғайтын екі бірдей оққағар қаза тапқан.

mideast-1-popup

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Түрік президенті өз отбасымен бірге Мармарис қаласында бескүндік демалысты өткізіп жатқан. Оқыс жағдай орын алған соң Ердоған қонақүйді тастап шығып, қауіпсіз орын іздеуге мәжбүр болған.

Осы кезде президенттің алдымен отандастары алдында жағдайға байланысты сөз сөйлеуіне тура келеді. Алайда мұның өзін ол тек смартфон арқылы скайппен айтты. Осының өзінде ел басшысының сөзіне құлақ асқан бірнеше мың Ыстамбұл тұрғыны көшеге шығып, төңкеріске қарсылық танытты.

“Мармаристе маған қарсы операция болып, екі оққағарымды өлтірді”, – деді мемлекет басшысы. Ол егер өзі де сол жерде 10-15 минутқа аялдар болса, өліп кетуінің немесе тұтқынға алынуының мүмкін екенін айтты.

Еске сала кетсек, Түркиядағы төңкеріс 15 шілде күні болып, нәтижесінде 208 адам қаза тапты. Олардың 60-ы полиция және 145-і бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар тағы 1491 адам жараланған. Төңкерісті ұйымдастырған 24 адамның көзі жойылды. Ал оқиғаға қатысты күдікпен ұсталғандар саны 7,5 мың адамға жетті.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support