- Advertisement -

Ораза айтта жаңа мешіт ашылды

100

- Advertisement -

_DSC2808Аса ауылында жаңа мешіт ашылды. Мұнда бір мезгілде 500 кісі намазға тұрады. Мешіт құрылысының жүзеге асуына «Ассанбил» қайырымдылық қорының төрағасы Саид Баюми мырза ерекше атсалысыпты. Сондай-ақ, бірқатар кәсіпкер азаматтар демеушілік жасаған.

Мешіттің ашылу салтанаты Айша бибі ауылдық мешітінің бас имамы Қатарбай Бәйімбетұлының Құран оқуымен басталды. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сансызбай Жорабеков, еңбек ардагерлері Қаржаубай Бекболатов, Сембек Сейдәзімов, Тұрсынхан Нұрбаев, Хаби Биболовтар сөз сөйлеп, көпшілікті имандылық үйінің ашылуымен құттықтады.
Ал облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев жаңа ашылған мешіттің кең әрі көркем екеніне, аудан халқын имандылыққа тәрбиелеу жолындағы игі қадамына тілектестігін жеткізді.
Ауыл ақсақалдары жаңа мешіттің салынуына мұрындық болған азаматтарға алғыстарын білдірді.
Жамағат мешіт ішіне еніп, ақ жаулықты әжелер қазақы дәстүрмен шашу шашып, қуанышты көңіл күйлерін білдіріп жатты.
Одан әрі салтанат орталық алаңда жалғасын тапты. Мұнда қаз-қатар тігілген киіз үйлер де Ораза айт дастарқаны жайылды. Діни тәр-бие мәселелеріне негізделген театрландырылған көріністер қойылып, ән, терме айтылды.
Сондай-ақ, қазақша күрес, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары және жүлдегерлерін аудан әкімі Мәден Мұсаев бағалы сыйлықтармен марапаттап, қонақтардың иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support