Жамбыл облысында екі әйелді қарақұрт шағып алды
Жамбыл облысында екі әйелді қарақұрт шағып алды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

07.07.2016 ж. сағат 19:00-де Сарысу ауданынан хабарлама түсті. Сарысу аудандық орталық ауруханасына 1952 ж.т. азаматша «Қарақұрт шағуы» диагнозымен 06.07.2016 ж. түскен. Жалпы жағдайы орта дәрежеде.
Ал екінші әйел ауруханаға 7 күні түнде сағат 03:00-те түскен. Жалпы жағдайы орта дәрежеде.
Ақпарат көзі: Zhambul.News
Comments are closed.