- Advertisement -

Мойынқұмның атын Мыңарал цементі шығарады деп кім ойлаған?!

111

- Advertisement -

кәсіпорын Былтыр 1 миллион 300 мың тонна цемент өндірді

Мұртаза-БулытайМұртаза
БҰЛҰТАЙ,
«Мыңарал тас
компани»
ЖШС-ның
Бас директоры.

Еліміздің егемендікке қол жеткізуі оңай келген олжа емес. Ұрпақ, ел, жер үшін жанқиярлықпен күрескен баһадүр бабаларымыздың арман-аңсары еді ол. Бүгінде сол бір сан ғасыр бойы зарықтырған арман-мақсатқа қол жетіп, көк байрағымыз көгімізде желбіреді. Тәуелсіздік жылдарында қарышты қадаммен алға басып, әлемнің дамыған елу елінің қатарынан ойып орын алған Алаш жұртын бүкіл әлем танып, мойындады. Қазақстан – Мәңгілік Ел болу мақсатын алға қойып отырған әлемдегі бірден-бір мемлекет екені де айдан анық. Биылғы жылдан бастап нақты жүзеге асуының практикалық кезеңі басталған 5 реформа: «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында да әлемдегі дамушы 30 елдің шоғырына ену мақсаты көзделген.
IMG_7837Елдегі кезең-кезеңімен дәйекті түрде жүзеге асырылумен келе жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында барша қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсарып, бақуатты бола түскенін ешкім де жоққа шығара алмас. Әрбір азаматтың Тәуелсіздіктің әр жылында жеткен жетістіктерін саралай салыстырып, болашағын нақты болжай алуына мүмкіндігі бар. Бірлік пен берекесі артып, бейбіт тұрақтылығы сақталуы, индустриялық-инновациялық дамуы тұрғысынан болсын, исі Азияда, тіпті, ТМД кеңістігінде болсын – біздің еліміздің алдына түскені кемде-кем.
Тәуелсіз ел атанып, өз қолымыз өз аузымызға жеткеніне 25 жыл уақыт толып отыр. Осы жылдар ішінде біз жетістіктерге де жеттік, қателіктерге де бой алдырдық. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің экономикасы тұрақты. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық, ауыл шаруашылығы салаларында жүзеге асырылған игілікті істер шаш-етектен. Жер-жерде ірі кәсіпорындар іске қосылып, өндіріс саласы да өркен жайды. Өзім басшылық етіп отырған Мыңарал цемент зауыты да Тәуелсіздігіміздің жемісі. Қазақ жерінде дәл мұндай ірі өндіріс орны бұрын-соңды болған емес. Біз бұрындары тек шикізат дайындаумен ғана шектеліп келдік. Ендігі жерде жерасты қазба байлығымызды: алтынды да, күмісті де, басқасын да – өз жерімізде өндіріп, өңдеп, экспорттауға әлеуетіміз бен мүмкіндігіміз әбден жетеді.
Былтыр зауытымыз 1 миллион 300 мың тонна цемент өндірді. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толықтай игеріп, еліміз нарығын қанағаттандыру арқылы аз-ақ жылда Қазақстанның құрылыс материалдары өндірісі саласының көшбасшысына айналып үлгердік. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстан мен Франция бірлесіп іске қосқан кәсіпорны еліміздегі цементке деген ішкі сұраныстың 15 пайызын қамтамасыз етуде. Осындай еуропалық ірі компаниялармен бірлесе жұмыс жасау дегенің – бағзы кездері өңің түгілі, түсіңе кірмеген жай еді ғой. Бүгінде 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны халықаралық жоғары талаптарға сай озық технологиялармен жарақтандырылған. Мұның өзі – тәуелсіздік жылдарында жұмыссыздық деңгейі едәуір төмендеп, ел индустриясының жан-жақты даму үстінде екендігінің айқын көрінісі. Еліміз егемендікті еншілеген күннен бастап әрбір өңірде дерлік ірі кәсіпорын, зауыт, фабрикалар жапырлай бой көтерді. Олардың жергілікті тұрғындарға, оның ішінде, жағдайы төмен отбасыларына қолдан келгенінше қолдау көрсетуде де қол қусырып қалғаны жоқ. Шын мәнінде ел өндірістермен бірге өсіп, өркенін кеңге жая бастады.
Мұның біздің компаниямызға да әбден қатысы бар. Біз әркезде де халықпен біргеміз. Алты жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны халықаралық жоғары талаптарға сай озық технологиялармен жарақтандырылған. Зауыттың жеке темір жол терминалы, ҚТЖ желісіне жалғану бекеті, кеңселік үй-жайлары, су тұщыту стансасы мен материалдық қоймалары, өрт сөндіру орталығы, жанармай құю және қосалқы электр стансалары, медициналық орталығы, асханасы, вахталық әдіспен қызмет ететіндер мен қонақтарға арналған мейманханасы бар. Арнайы техникалық мамандар отбасыларына арналып Балқаш көлінің жағасынан тұрғын үйлер салынып, үй жиһаздарымен толықтай жабдықталып берілді. Зауыт қалашығы аумағының барлық қажетті инфрақұрылым жасақталған, электр, газ, су жүйелері, интернет пен кабельдік телеарналар желілері жүргізіліп, асфальт жолдар салынған. Мұнда, сондай-ақ балабақша, мектеп, шағын маркет, дәрігерлік амбулатория, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, кинозал, тренажер залы, бильярд, караокэ, теннис кордтары, кітапхана, басқа да мәдени-әлеуметтік кешендер жұмыс істейді. Осылай жапан далада жаңа қалашық пайда болып, күн санап көркейіп, гүлдену үстінде.
Кәсіпорын өз жұмысшы-қызмет-керлерінің қоммуналдық қызметтерге төлемақы шығындары мен медициналық сақтандырылуын өз мойнына алып отыр. Компания ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауда. Түрлі мекеме, ұйымдарға демеушілік көмек көрсетуден шет қалған кезі жоқ. Мыңарал мектебін толықтай жөндеуден өткізіп берді. Аудан, облыс көлеміндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын жастардың оқу ақысын төлеу бойынша да демеушілік жәрдем көрсетуде. Ауыл мектебінің қыстық отынын толықтай дайындап беріп, тұрмысы төмен отбасылары балаларына да кеңсе заттары, оқулықтар, мектеп формалары түрінде көмектер ұйымдастырамыз. Ардагерлер ұйымдарына, ауылдық әкімшілікке, жергілікті темір жол стансасына, басқа да мекеме, ұйымдарға қаржылай көмек бердік.
Компаниямыз облыстағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорынның бірі де бірегейі болып табылады. Демек, біздің ауданның экономикалық дамуы үдерісінде де өзіндік мол үлесіміз бар. Біз мұны орынды мақтаныш етеміз. Осының бәрі де тәуелсіздіктің, еліміздегі жаңа индустрияландыру саясатының, еңбек көрігін қыздырып жатқан ел-жұртымыздың қажыр-қайратының арқасында мүмкін болды. Еңбек елдің де, ердің де мерейін өсіреді, құрметке де бөлейді. Қазақстандағы қайырымдылық көрсету ісін дамытуға және қоғамымыздағы мейірімділікті, гуманизм және әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан өзіндік үлесіміз бен еңбегіміз еленіп, республика көлемінде «Жылдың ең үздік тауары – 2015», сондай-ақ облысымыз бойынша «Халық пайдаланылатын үздік өнім – 2014» дипломдарымен марапатталдық. Былтыр компаниямыз Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының қорытындылануына арналған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» форумына да қатысты. Онда ауданның көркеюі мен дамуына үлкен үлес қосқанымыз, «20 жақсы іс» акциясына белсене атсалысқанымыз айрықша аталып өтті. Мен мұны компания жұмысшыларының тынымсыз еңбегінің жарқын жемісі деп білемін! Еңбегімізге берілген баға, әсіресе, зауыт қызметкерлерінің жұмысқа деген жігерін жани түскені анық.
Тәуелсіз ел атанып, өз қолымыз өз аузымызға жеткеніне де, міне, 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік жөнінде ой толғағанда, ең алдымен ел тыныштығын, мемлекетіміздегі бейбіт һәм экономикалық тұрақтылықты, ұдайы алға ілгерілеп дамуды ойлаймыз. Өйткені, біздің кері кетуге еш хақымыз жоқ. Себебі, адамзат қоғамы ұдайы даму үстінде болады. Сондықтан да біз жаңашылдықты жатсынбай, оны өндіріске де көптеп енгізуге, еңбегімізді еселей түсуге, Мәңгілік Ел болуға тынбай ұмтылыс жасауға тиіспіз! Еліміздегі ынтымақ пен бірлік берік болса, бейбіт тұрақтылық пен тату келісім сақталса, ол біздің қолымыздан келеді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры бекем болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Мойынқұм ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support