- Advertisement -

Нұргүлдің – шығармасы үздік

112

- Advertisement -

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Мырзатай Жолдасбеков оқулары өтті. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оған оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
Мырзатай Жолдасбеков оқулары аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі – «Қазақ мәдениетінің қара нары» тақырыбында Мырзатай Жолдасбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған студенттер арасындағы эссе байқауы. Байқауға ұсынылған шығармалардың ішінде ТарМПИ студенті Нұргүл Пулатованың эссесі үздік деп танылды. Ал Құралай Әбдіназарова мен Назерке Әжетова екінші және үшінші орынға ие болды.
Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараның екінші күнінде «Мәңгілік ел идеясы: ұлт тұлғалары» тақырыбында қазақ филологиясы кафедрасының профессорлары Тұрсынай Әбдіқадырова мен Рүстем Садықбеков студенттерге дәріс оқыды. Мырзатай Жолдасбеков атындағы халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық орталығында өткен дәрісте лекторлар академик жөніндегі естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылығының «Мәңгілік ел» идеясымен астасып жататын байланысын сөз етті.

Жандарбек АСАН,
ТарМПИ-дің ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support