- Advertisement -

Медиаторлардың қызметі – халық мүддесі үшін

146

- Advertisement -

Өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді сотқа дейін жеткізбей, оны медиаторлардың көмегімен реттеу – өте өзекті мәселе. Медиация жүйесін дамыту үшін Тараз қаласындағы «Достық» үйі мен «Нұр Отан» париясы облыстық филиалының ғимаратында, Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Жуалы, Жамбыл, Шу, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарында медиаторларға арналған кабинеттер ашылған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен сотқа дейінгі дау-дамайды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту, тергеу, тұрғындар арасындағы даулы мәселелердің деңгейін төмендету жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы, облыстық адвокаттар алқасы, «Бітімгер» медиация және құқық орталығы» арасында татуластыру рәсімдерін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінде айтылды. Бұл шараға өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев, облыстық сот төрағасы Рүстем Алшынбаев, «Нұр Отан» париясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, ҚХА облыстағы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Анжела Райсова, БАҚ қызметкерлері ассоциациясының жанындағы «Бітімгер» «Медиация және құқық орталығының» директоры Лариса Сафонова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Қарлығаш Аралбекова қатысты. 

– Облыс соттары Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылдаған «Медиация туралы» Заңының аясында жергілікті атқарушы органдарда медиация кабинеттерін ашу жөнінде ұсыныс жасады. Ондағы мақсат –шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындардың, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастан туындайтын дауларын реттеуде әрбір аудан орталықтарында орналасқан кәсіби немесе кәсіби емес бітімгерлер көмегіне жүгінуіне қолайлы жағдай туғызу, істі тез әрі материалдық жағынан тиімді шешуге жағдай жасау. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін бюджет есебінен 2,2 миллион теңге бөлінді. Бүгінде облыстың Қордай, Талас аудандарынан басқа өзге аудандардың бәрінде медиаторлар жұмыс жасауда. Ал аталған екі ауданда медиация кабинеттерін ашу үшін келіссөздер жүргізілуде. Негізінен, медиаторлардың сот жұмысын азайтуға, жанжалдасушыларды қиын жағдайдан алып шығуға, тіпті, қылмыстың кейбір түрлерінің шешілуіне тигізер көмегі зор, – деді Кәрім Нәсбекұлы.
Облыстық сот төрағасы Рүстем Алшынбаев қол қойылған меморандумда бітімгершілік процедурасы институтын нығайту үшін қолданылған шаралар туралы ақпарат беру үшін бітімгершіліктің артықшылығы туралы түсіндірме жұмысын жүргізу, тараптардың қатысуымен біріккен кеңестерде, талдамалы зерттеулерде, ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда, басқа да шараларда дау шешудің балама тәсілдерін қолданудың оң тәжірибелерін бөлісу, ынтымақтастырудың басқа да тәсілдерін қолдану туралы шаралар өткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаев бітімгершілік ұғымының қазақ елінде бұрыннан бар екенін, тіпті, хандық дәуірдің өзінде ханға кеңес беруші би, шешендердің даулы мәселелерді мәмілегерлік жолмен шешіп отырғанын айта келе, жаңадан құрылған қоғамдық кеңес «Медиация туралы» Заңының медиацияның жүргізілу тәртібі туралы 15-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс әзірлеп отырғанын жеткізді.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support