- Advertisement -

Балғын боксшылар додасы

95

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында №13 темір жол колледжінде бокстан жасөспірімдер арасында облыстың ашық турнирі өтті. Додаға Тараз қаласындағы спорт мектептерінен, аудандардан, Қырғыз Республикасынан ұзын саны 150-ге жуық балғын былғары қолғап шеберлері қатысты. Олар додада 19 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Ашық біріншіліктің ашылу салтанатында Нұржан Нұралиев, облыс әкімдігі білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының директоры Бекбол Қайыпчаев, турнирдің бас төрешісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмірхан Төлен аламанға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үш күнге созылған доданың командалық сынында №13 темір жол колледжінің түлектері топ жарса, жүлделі екінші орынды облыстық бокс мектебінің балғындары иеленді. Үздік үштікті №3 облыстық мамандан­ды­рылған олимпиада жеткін­шек­терін даярлайтын бала­лар мен мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері қорытындылады. Аталмыш темір жол колледжінің түлегі Бекзат Абдулла мен Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Бекболат Серікбайұлы турнир үздігі деп танылды

Жанар Әбсадық, ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support