- Advertisement -

Нью-Йорк әуежайында 30 келі кокаин тасымалдаған стюардесса ұсталды

63

- Advertisement -

Нью-Йоркте JetBlue авиакомпаниясының стюардессасы ұсталды, ол Калифорния штатында қол жүгін тексеру барысында 30 келі кокаинды тастап қашып кеткен. Марша Гей Рейнольдс Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдағы полиция бөлімшесіне өз еркімен берілді, деп хабарлайды АҚШ прокуратурасы.

Әлемдік БАҚ-тыңжазуына қарағанда, Лос-Анджелес әуежайында әуе компаниясы қызметкерінің жүріс-тұрысы сезікті болған, қызметкерлері оны толық тексеруді ұйғарады. Рейнольдс тінту орнына келгенімен, сасқалақтап қол жүгін тастап қашып кеткен. Стюардессаға есірткі тасымалдағаны үшін айып тағылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол қаладағы Бруклин ауданына қарасты сотта қаралады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support