- Advertisement -

Назарбаев сайлауды қорытындылады

52

- Advertisement -

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Нұр Отан» партиясы жақтастарының форумы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс.

«Кеше біз жеңіске жеттік. Қазақстандық бүкіл көпұлтты халық жеңіске жетті. Қазір ғана ҚХА сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 77 пайызы қатысты — бұл рекорд. Нұр Отан сайлаушылар дауысының 82 пайызына ие болды бұл рекорд», — деді Назарбаев.

Ол қазақстандықтарға олардың қолдауы мен бірлігі үшін алғыс айтты.

«Біз біртұтас екенімізді, кез келген қиындықты жеңе алатынымызды көрсеттік. (…) Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы демократиямыздың ұлы жетістігі», — деді Мемлекет басшысы форумда.

Еске сала кетейік, сайлау 20 наурызда 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 кірді. 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.а

ҚР ОСК мәліметінше, үш саяси партия: «Нұр Отан», ҚКХП және «Ақ жол» 7 пайыздан жоғары дауыс жинады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support