- Advertisement -

Ауырып ем іздегенше…

161

- Advertisement -

Сарыптың алдын алу шараларын сақтай білейік.

Мал аурулары адам денсаулығына да тікелей әсер етуші фактор болып табылады. Қазіргі уақытта облыс көлемінде жануарлар мен адамдарға ортақ ұсақ малдар арасында сарып ауруы азайып келеді. Жалпы, сарып бұрыннан келе жатқан дерт. Қазақ халқы оны «селсоқ сарып ауруы» деп атаған. Сарып ауруымен әуелі қой-ешкі, сиыр, шошқа ауыратыны анықталып, солардан адамға жұғатыны мәлім болса, кейінірек ғалымдар оған үй жануарларының барлығы түйе, ит, жылқы тағы басқа құстар мен түрлі жәндіктер де шалдығатынын дәлелдеген. Адамға сарыптың жұғуына көбіне ауру қой-ешкі себеп болады. Қой мен ешкідегі сарып ауруының белгісі іш тастаудан, өлі төл туудан көрінеді. Ал, ірі қара малда аурудың белгілері көп жағдайда байқалмай, елеусіз өтуі мүмкін. Мұндайда малдың ауырғанын тек зертханалық әдістермен ғана анықтауға болады.
Жылқыда бұл аурудың салдарынан іш тастау деген болмайды. Желке жон еттері қабынып, шықшыты іріңдейді, буындары ісінеді. Мал іш тастағанда сұйық заттармен, шумен, өлі түскен төлмен бірге «бруцелла» микробтары қоса шығады. Сондықтан, сарып ауруының жұғуы 80 пайыз сәуір-шілде айларында, яғни, көктемгі немесе жаз мезгілдерінде көбірек кездеседі. Бұл кезде малдың төлдеу науқанына көптеген адамдар қатысады. Сол себептен де аурудың адамдарға жұғуы осы кезде көбірек болады. Демек, малдың іш тастаған жерлеріндегі жайылым, қора және тағы басқа микробтар адамға, сау малға жұғуы бейім тұратынын ескерген жөн.
Дерт кезінде ондай жерлерді залалсыздандырудың маңызы өте зор және мал төлдеу науқанына қатысатын адамдар сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет. Сарып микробтары ауру малдың зәрі мен қиы арқылы үнемі шығып жатады. Бұдан аймақтағы мал жайылымдары мен суаттар, ондағы шөп, топырақ су бәрі түгел ластануы мүмкін. Ауру малдың терісі, жүні, түбіті, сондай-ақ, ауру сиырдың ешкі мен қойдың сүтінде микробтар көп болады. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, адамға сарыптың жұғу қауіпін тудыратын негізінен ауру мал, олардан алынатын азық-түліктер, шикізат өнімдері. Көптеген зерттеулердің қорытындысында ол адамға көбіне тамақ арқылы жұғатындығын көруге болады. Тексеруден өтпеген етті кесіп-бұзу, тураудан да жұқтырып алуы мүмкін.
Сондықтан тиісті ветеринариялық заң талаптары бойынша, агроқұрылымдарға, шаруа қожалықтарына жеке тұлғаларға жұқпалы аурулар оның ішінде сарып ауруы бар малды шеттен әкелуге қатаң тыйым салынады. Себебі, мал алғашқыда сау болғанымен, сатып аларда оның сарыпқа тексерілгендігі жөнінде анықтама талап ету керектігін естен шығармаған жөн. Егер жаңадан әкелінген мал болса, оны келген бетте бір айға жуық бөлек ұстап, аурудың бар-жоғын міндетті түрде тексеру керек.
Халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Сондықтан, ветеринариялық заң талаптары бойынша, агроқұрылымдарға, жеке тұлғаларға айта кететін жай, мал төлдеу науқаны кезінде аталған індетті жұқтырып алмау үшін арнайы дайындалған залалсыздандыратын қоспалар, өлексе немесе шараналарын тастайтын арнайы шұңқырлар болуы, арнайы киімдер құрал-саймандармен, қол жуатын сабын, залалсыздандыратын заттармен қамтамасыз етілуі қажет. Еш уақытта іш тастаған малдың шуын, шараналарды қолмен ұстауға болмайды.
Қорыта келгенде, сарыпты арамыздан аластап, жою әрбір адамның ұқыптылығына, сондай-ақ, әркімнің заң талаптарын орындап, профилактикалық шараларын тындырымды жүргізуге жұмыла қатысуына тікелей байланысты.

Жанар Өтепбергенова,
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы.

The individuals came primarily from indiana, writemyessay4me.org writing essays kentucky, massachusetts, nevada, and texas, five states that partnered with the project to do the research.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support