- Advertisement -

Үш жылда 200 МВт энергия өндіретін стансалар салынады

45

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылмалы энергия көздерінің энергетикалық теңгерімдегі үлесін ұлғайту қарастырылған. Облыста алдағы 3 жылда 200 МВт энергия өндіретін жаңартылмалы энергия көздерінің нысандарын салу жоспарлануда. Жуалы ауданында қуаттылығы 100 МВт-тық жел электр стансасы, Шу ауданында 110 МВт-тық жел электр стансасы, Т.Рысқұлов ауданында 24 МВт-тық күн электр стансасы, сонымен бірге, Меркі ауданында 18 МВт-тық су-электр стансасының жобалары жасалуда. Облыс өзге аймақтар ішінде «жасыл экономиканы» дамыту бағыты бойынша алғашқылар қатарында.
Өңірде қазіргі уақытта жаңартылмалы энергия көздерінің (шағын су, күн және жел электростансалары) қуаттылығы 78 МВт-ты құрайтын 8 нысаны тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 15,1 МВт-тық төрт су-электр стансасы, 12,5 МВт-тық екі жел электр стансасы, сонымен қатар, Елбасының қатысуымен өткен жылдың 2 шілдесінде телекөпір барысында іске қосылған ірі жобаның бірі қуаттылығы 50 МВт, құны 23,2 миллиард теңге «Burnoye Solar-1» күн электр стансасы іске қосылды. Сондай-ақ, осы кешенде тағы 50 МВт энергия өндіретін күн электр стансасының жобасы жүзеге асырылады.
Жоба «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, Ұлыбританияның «United GreenEnergyLimited» және «Тараз» ӘКК» Ұлттық компанияларының қатысуымен жүзеге асуда. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облысымыздың электр энергиясына сұранысының 40-50 пайызын жабуға мүмкіндік береді. Бұл жамбылдықтардың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «жасыл экономикаға» қосқан үлесі болмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support