Өрнектің өрендері босып жүрмесе екен

65

Біздің Өрнек ауылындағы орта мектепте дене тәрбиесіне онша көңіл бөлінбей отыр. Атап айтсам, спорт жабдықтары жетіспейді. Соның салдарынан оқушылар аудандық жарыстарға қатыса алмайды. Қатысса, жақсы нәтижеге қолдары жетпейді.
Мамандар жоқ емес, бар. Ауылда бокстан спорт шебері және спорт шеберіне үміткер жүр. Соларды бокс секциясына неге тартпасқа? Оқушылар бос уақыттарын босқа өткізбеуі керек қой.
Аудан әкімі Мәден Мұсаев алдағы уақытта ауылдардағы дене тәрбиесіне, бокс өнеріне көңіл бөлетін шығар деп ойлаймыз. Өрнектің өрендері және басқа да ауыл балалары көшеде босып жүрмесе екен дейміз. Аудан әкімі ауыл өмірінде спорттың маңызды рөл атқаратынын біліп, көмектессе екен дейміз.
Бізде бокс рингі бар, дайын, бірақ арнайы залымыз жоқ. Жаттықтырушыларға арнайы бөлінген «сағат» жоқ. Адам өмірінде спортпен шұғылданудың үлкен пайдасы бар. Жастар облыстық, аудандық жарыстарға қатысып, шеберлігін шыңдаса дейміз. Кезінде ауылдан шыққан халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері болған оқушылар аудан намысын абыроймен қорғап, жерлестерінің мақтанышына айналған болатын. Сол саңлақтардың жолын жалғастырайық.

Тамдыбек Арызбаев,
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,
Дене тәрбиесі мен спортқа еңбек сіңірген қайраткер.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.