- Advertisement -

Құмар ойынға құл болмаңыз!

10

- Advertisement -

Тараз қаласында заңсыз құмар ойын өткізетін 17 кəсіптік нысан анықталды.Тағы осындай нысандар Шу қаласында 9 Қордай ауданында 6 нысан тіркелген. Құмар ойын өткізетін казинолар,ұтылған ақшалар, осы құмар ойындардың азартына кіріп кеткен адамдар қазіргі қоғамның басты проблемаларының бірі болып отыр. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Асқар Əжіхановтың айтуынша, ойынға тəуелділік Тараз қаласында ең көп тіркелген.

Өңірде заңсыз ойын бизнесіне қарсы күреске дін қызметкерлері де шақырылған. Құмар ойындарға тəуелді адамдар заңсыз əрекеттерге бейім болғандықтан, қоғамда жиі жоғалады. Олардың отбасы мен достары зардап шегуде. Құмар ойыншылар жалақысынан айырылып, отбасын күнкөріссіз қалдырады, ұтылатын ставкалар үшін банктерден несие алады, отбасылық жинақ ақшасын алып кетуі мүмкін, тіпті қылмыс жасай алады, ештеңені тоқтатпайды, міндетін, жауапкершілігін жəне моральдық міндеттерін ұмытуы мүмкін. Мемлекетке де орасан зор залал келтірілуде, өйткені асырауындағы адамдардың көпшілігі жас жəне еңбекке жарамды жаста. Заңсыз ойын бизнесі көлеңкелі экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады жəне онымен күресу еліміздің барлық мемлекеттік органдарының, ұйымдарының жəне азаматтарының басым бағыты. Ол өткен 5 жылда департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 42 фактісін анықтап, осы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс сотқа жолданғанын айтады. Көмектесетін дін қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жоғары оқу орындары мен колледж студенттерімен, жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

 

Мөлдір АМАНҚҰЛ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support