- Advertisement -

Әуе қақпасының әлеуеті

77

- Advertisement -

Жамбылдық жолаушылардың әуемен сапарға шығуына мүмкіндік беретін, сырттан келген қонақтарды қабылдауға қызметі сай халықаралық «Әулиеата» әуежайына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы толық аяқталды. Негізгі шаруаны Тараздағы «Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Құрылыс нәтижесінде әуежай адам танымастай өзгерді. Жолаушыларға арналған терминал жаңарып, мекеме маңы абаттандырылды. Гүлдермен көмкеріліп, заманауи ұшақтарды қабылдайтын ұшу-қону жолағы жаңартылды.
Құрылыс жұмысына республикалық қазынадан 4,7 миллиард теңге бөлініп, игерілді. Бұдан бөлек, «SCAT» әуе компаниясы өз қаржысына сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алатын әуе вокзалы құрылысын жүзеге асырды. Аталған жобаның аясында 2 телескопиялық трап, 7 тіркеу табаны, 4 лифті және мүгедек жандарға қызмет көрсету қатары орнатылды.
Әуежай нысанының жаңартылуы облыс инфрақұрылымының дамуына, туристер легін көбейтуге, сыртқы экономика қызметін кеңейтуге, жұмыс орнын арттыруға үлкен ықпал етіп отыр. Тіпті, біздің әуежайдан Мәскеуге, Ақтау мен Атырауға тікелей бағыт ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, біздің әуежай ауа райының қолайсыз жағдайы туындаған кезде Алматы әуежайына қонуы тиіс ұшақтарды өзіне қабылдай алады. Мұның өзі үлкен жетістік саналады. Әуежай қосымша қаржы көзі екені анық.

Вячеслав Джо,
халықаралық «Әулиеата» әуежайының коммерциялық директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support