- Advertisement -

«Асфендияров» етектегі елге жақындады

78

- Advertisement -

Облыс денсаулық сақтау саласының қызметкерлері осы жылы Тараз қаласында С.Асфендияров университеті филиалының ашылуын да жақсы ырымға балап жүр. Оның негізі жоқ емес. Бакалавр мамандығын алып шыққан университет студенттерінің осында екі жылдық интернатурадан, мамандықтарына байланысты 2, 3 және 4 жылдық резидентурадан өту мүмкіндіктері бар. Студенттердің мұндай тәжірибелік сынақтарды Жамбыл жерінде өткізуі салаға қажетті мамандар тапшылығын да жоймақ. Облыс әкім К. Көкірекбаев пен аталған университеттің ректоры А.Ақанов қол қойған меморандумда осынау екіжақты ауқымды жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы егжей-тегжейлі қарастырылған. Бес жыл көлемінде филиал толыққанды қалыптасып, жергілікті жерде-ақ мамандар даярлауға лайықталып, облыстық, қалалық балалар ауруханалары базасынан педиатрия, облыстық перинаталдық орталығынан акушерлік-гинекологиялық, ғылыми- клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығында кардиохирургиялық кафедралар ашылатын болады. Осылай жеке дәрігерлердің, қала берді сырқаттардың да шетелдік және отандық білікті дәрігерлер тарапынан медициналық мамандандырылған көмек алуына жол ашылмақ.

«Ақ жол–Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support