- Advertisement -

Қаламгерлер – қоғамның көзі мен құлағы

143

- Advertisement -

IMG_9702Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев есігімізден енгелі тұрған Жаңа жыл мере­кесі қарсаңында өңірде тұратын қаламгерлерді қабыл­дап, алда келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Жүздесу жақында бақилық болған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әлдихан Қалдыбаевты, белгілі публицист Рахметілдә Құдабайды облыс әкімі­нің ұсынысы­мен бір минут үнсіз­дікпен еске алудан басталды.

Содан соң Кәрім Нәсбекұлы қаламгерлерді ағымдағы жылы облыста атқарылған ауқымды жұмыстармен таныстырып өтті. Елбасының тікелей бастамасымен елімізде кеңінен аталып өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде тойланғанын, бұл мерекелерге біздің облыстың да елеулі үлес қосқанына тоқталды. Әсіресе, Астанадан бастау алған Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойы Жамбыл жерінде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде тойланғанын, айтулы шара барысында Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші бой көтергенін, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының салынғанын, Тараз қаласының сәулеті артып, жайнай түскенін ерекше сөз етті.

Сондай-ақ, облыс басшысы қой жылындағы аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуын, ауыл шаруашылығындағы өрлеулерді айтты. Облысымызда биыл 181 мың тонна астық жоспардан артық алынғанын, баламалы электр энергиясын өндіруде де республика бойынша бірінші орында тұрғанымызды, халықаралық ЮНЕСКО ұйымына биыл еліміз бойынша енгізілген 8 тарихи ескерткіштің 5-і біздің облыстан екенін мақтанышпен жеткізді.
Келесі сәтте аймақ басшысы қаламда-рымен ел дәулеті мен сәулетін, бірлігі мен тірлігін жырлаған ақын-жазушыларға өз қолымен ақшалай сыйлық тапсырып, құрмет көрсетті. Мұндай сыйлыққа елімізге белгілі қаламгерлер Арғынбай Бекбосын, Елен Әлімжан, Шырын Мамасерікова, Айша Көпжасарова, Қайырбек Асанов, Қуандық Шолақ, Мақұлбек Рысдәулет, Көсемәлі Сәттібайұлы, Болат Бекжанов, Ғайни Әбенова, Баймаханбет Ахмет, Үміт Битенова ие болды.
Жүздесу барысында ақын, жазушы, публицист және қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосын барша қаламгерлер атынан сөз сөйлеп, көрсеткен құрметі үшін облыс әкіміне алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін аймақ басшысының өз аузынан есту барлық қаламдастарын шабыттандыратынын, мұндай үлгілі, үздік, жаңашыл жұмыстармен дағдарыстан да айналып өтетінімізді айтып, өңірді өркендету жолында облыс басшысының еңбегі жана беруіне тілек білдірді. ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов та жылы лебізін білдірді.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қой жылындағы жетістіктердің бәрі бүкіл жамбылдықтардың жеңісі деп бағалайтынын айтып, халыққа рухани азық сыйлай білген, әр жүректі мөлдір сезімдерге бөлеп жүрген ақын-жазушыларға алғысын жеткізіп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

 

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Суреттерді түсірген
Ағаділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support