- Advertisement -

Шырмауық – аса қауіпті арамшөп

318

- Advertisement -

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін елімізде біраз жыл ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден, арамшөптерден тазартуға, жоюға қарсы қаржы бөлінбей қалған-ды. Соңғы жылдары бұл мәселе Үкімет тарапынан қайта қолға алынып, ерекше қауіпті зиянды организмдермен күресуге, карантиндік арамсояудан тазалауға және басқа да карантиндік ауруларға қомақты қаржы бөлінуде. Нәтиже де ойдағыдай.
Жалпы, сала жұмысынан бейхабар жандар үшін бұл аса өзекті мәселе болып көрінбес. Әйткенмен, карантиндік арамсояудан, яғни шырмауықтан учаскедегі тал-дарақтар, жеміс-жидектер уақтылы тазартылмаса, өнім алу былай тұрсын, ағаштың өзінен айырылып қалу қаупі туындайды. Өйткені ондай зиянкес өсімдіктердің тұқымдары ауамен, сумен тез тарайды. Осыны ескере келе, облыстық мемлекеттік сұрыпсынау инспекциясының Свердлов жеміс-жидек сұрыптарын сынау учаскесінің басшылығы, атап айтқанда, тәжірибелі ғалым, агроном Шадияр Шілдебаев биылғы қыркүйек айында алқапты аралап көрген болатын. Сонда тал-дарақтарға түскен шырмауықтардың қауіпті екенін айтып, республикалық диагностикалық болжамдау әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесі Байзақ аудандық филиалының директоры Ә. Қабдушевқа карантиндік арамсояудан арылудың қажеттілігін баяндап, хат жолдаған болатын. Филиал директоры мамандарымен ақылдаса келіп, бағыттық бақылау жасап, суретке түсіріп, шырмауықтың жамылғысынан тез арада құтылу керектігі айтылды. Нәтижесінде қаржы бөлініп, жұмысшылардың көмегімен тиісті іс-шаралар дер кезінде жүргізілуде.
Тал бесігіміз – табиғатқа осылайша уақтылы күтім мекемелер тарапынан ғана емес, әрбір азамат тарыпынан жасалса құба-құп болар еді.

Әбдіғали ЖАҢАБЕКОВ,
мемлекеттік Свердлов
жеміс-жидек сұрыптарын
сынау учаскесінің агрономы.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support