- Advertisement -

Кличко жеңілді, Пинчук жеңді

78

- Advertisement -

AIBA Pro boxinG жобасының електік кезеңінде қазақстандық
боксшы Антон Пинчук неміс оғланы Девид Грэфтен басым түсті

Кәсіпқой бокстан WBA super, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличко ұлыбританиялық Тайсон Фьюриге Германияның Дюсселдорф қаласында есе жіберіп, атағынан айырылғаны баршамызға мәлім. Сол бокс кешінің андеркардында AIBA pro boxing жобасының аясында шаршы рингке көтерілген қазақстандық былғары қолғап шебері Антон Пинчук (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) жергілікті боксшы Девид Грэфпен қолғап түйістірді.
8 раундтан тұратын шайқаста қарсыласын толассыз шабуылдың астына алған Антонның соққылары діттеген нүктеге дөп тиіп жатты. Бір-екі раундта ғана ринг иесі Антонның аптығын басуға талпынғанымен, жалпы кездесу барысында қазақстандық өреннің мықтылығы көзге айқын аңғарылып тұрды. Қос қапталдан бағыттаған соққылары мен апперкоттарын нысанаға жеткізе білген Антонның жеңісіне төрешілер ешқандай да күмән келтірген жоқ. Антон алдағы уақытта жоба жеңімпазы атануға күш салмақ. Бұл салмақта Пинчукке дейін Василий Левит Олимпиада лицензиясын қанжығаға байлағаны бәрімізге мәлім.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, Есет Досалы, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support