- Advertisement -

Қазақтар –ғажап халық

166

- Advertisement -

Алексей Левшин, орыс ғалымы:

Табиғатпен етене болып, қарапайым тамақ ішіп, таза ауамен тыныстап, жайбарақат өскен қазақтардың денсаулығы мықты болып келеді. Олар күшті, қуатты, ыстық-суыққа төзімді келеді. Жазықта тұрып он шақырым жердегі затты айырып көре береді. Бала күннен ат құлағында ойнау – күнделікті гимнастикасы. Әйелдер кейде бұл тұрғыдан еркектерден асып түсіп жатады. Көп сөйлей бермейтін, тұйық мінезді, жеке дара ойланып отырғанды жақсы көреді. Деспотизмді көп көрмеген қазақтар басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал, ақкөңіл, сенгіш. Қайырымдылық, адамды аяушылық, ақсақалдарға құрмет көрсету – олардың асыл қасиеті.
«Описание киргиз – казачьих, или
киргиз – кайсацких, орд и степей».

Николай Зеленд, ресейлік дәрігер:

Қазақ – қызуқанды халық. Оның рухына жайсаңдық, ізгілік тән, ұдайы жайдары жүреді. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көнбіс, ашуланбайды. Бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Олардың бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды. Мейлінше тату-тәтті өмір сүруді қалайды. Әйелдері иманжүзді, ақылды.
«Киргизы» Омск, 1885.

Василий Радлов, түрколог ғалым:

Басқаларға қарағанда қазақтар арасында шешендік өнері ерекше дамыған. Әрі сөзі ойнақы, әуезді, ырғақты. Тілі өлеңнің өрнегі іспеттес. Бейнелі сөз төркіні айқын да дәлме-дәл мағына береді. Қазақтарды Батыс Азияның орман-құздары деп атауға толық негіз бар.
Қазақ – нағыз шабандоз халық. Кең-байтақ өлкеде өмір сүрген олардың тілі тұтас бірлікте. Каспий теңізі мен қара Ертіс қазақтары тілінде диалектілік айырмашылық аңғарылмайды.
«Сибирские древности».

Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі:

…Қазақтың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Тіпті балаларының ақылы ерте толысады…Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы өмірі естімеген шешендерге таңқалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес.
«Дневник и письма из путешествия
по казахским степям».

Николай Ядринцев, орыс ғалымы:

Қазақ халқы – ақынжанды халық. Бақташы халық. Өздерін ең әуенді халық санайды. Олар батырлар жыры бір замандарда жер үстінде әуендеген деседі, сол төменде шалқыған жердегі халық та мейлінше әуенді халық дейді, олар өздерін басқа халықтардан гөрі жыр-өлеңге жақынырақ тұрған халықтар санатына қосады.
«Сибирские инородцы, их быт
и современное состояние».

Николай Рычков, орыс барлаушысы:

Барлық қазақтың жері Алтай тауларынан бастап, Каспий теңізіне дейін жалғасады. Жауларына қарсы жорыққа шыққанда әрбір қазақ үш-төрт атпен аттанады. Олар күніне 60-80 шақырым жолды еш қиындықсыз басып өтеді.

«Жорық жазбалары» 1771 жыл.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support