- Advertisement -

Қазақстанда шенеуніктердің табысы туралы ақпаратты ашық жариялау ұсынылды

56

- Advertisement -

pogudx46hgsdgcnkj.71516f52“САНДЖ” зерттеулер орталғының директоры Жанар Жандосова “Ақпараттың қолжетімдігі” мәселесі бойынша халықаралық конференция кезінде депутаттар, судьялар және мемлекеттік қызметкерлерге өз табысын жария ету ұсынысын жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тағы бір мәселе – біздің депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлер туралы ақпарат пен олардың активтері жөніндегі декларация. Бізде өкінішке қарай, мемлекеттік қызметкерлер сол декларацияны тапсырады деп айтылғанымен, ол шын мәнінде еш жерде жарияланбайды. Ол мәліметтердің дұрыстығына көз жеткізу өте қиын. Сонымен қатар, бізде қазір мемлекеттік шенеуніктер, депутаттар, судьялар туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болмай барады, оларды жариялау мүмкін емес. Себебі қазір ол олардың жеке мағлұматы мен жеке кеңістігіне қатысты талап бұзушылық болып есептеледі”, – деді Жанар Жандосова.

Оның айтуынша, мұндай мәліметтерді жариялауға талпынған сәтте олардың көпшілігі бірдей аяқталады. “Мысалы, біз кеден бекетінде бір жыл жұмыс істеп, үлкен үй алған кеденшіні көрсете бастасақ, ол біздің жеке мағлұматымыз, оны жариялап, қоғамдық мүлік етуге болмайды деген сияқты көптеген талап арыздар түсе бастайды”, – деп мысал келтірді зерттеу орталығының басшысы.

“Ақпараттың қолжетімділігі туралы” заң жобасын әзірлеушілер кез келген жағдайда да шектеуге жатпайтын ақпараттың тізімін жасады. Бұл туралы бүгін xалықаралық конференцияда парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

“Біздің қолданыстағы “Мемлекеттік құпиялар туралы” заңымызда құпиялауға жатпайтын ақпарат тізімі бар. Біз бұнымен тоқтаған жоқпыз. Біз құпиялауға ғана емес, шектеуге де жатпайтын ақпараттардың тізімін жасап шықтық. Біз бұл тізімді мейлінше кеңейтуге тырыстық. Онда лаңкестік актілері туралы фактілер, өрт қауіпсіздігі жағдайы, санитарлық, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, республикалық және жергілікті бюджеттің жұмсалуы, жасақталуы туралы ақпараттар және xалықтан ешқашан жасырылмауы тиіс мәліметтер енген”, – деген депутат сөзін “Қазақпарат” жариялады.

Ақпарат иеленушілердің тағы бір тобы – бюджеттік қаражатқа ие болған заңдық тұлғалар.

“Олар мемлекеттік емес құрылымдар да болуы ықтимал. Атап айтқанда, бюджеттік қаражат алған ҮЕҰ, ЖШС немесе АҚ. Егер заңды тұлға мемлекеттік бюджеттен кіріс тапқан болса, бюджеттік қаражатты жұмсау бойынша ақпараттарды ұсынуы тиіс”, – деп атап өтті Әшімбаев.

Депутаттың айтуынша, ақпаратпен бөлісуі тиіс субъектілердің қатарына монополиялық басымдыққа ие немесе төтенше жағдайлар туралы, табиғи және теxногендік қаіпсіздік ақпараттарына иелік ететін заңдық тұлғалар да кіргізіліп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support