- Advertisement -

AlmaTV: cандық технологиялар дәуірінің стандарттары

113

- Advertisement -

AlmaTV сандық телевизиясы көрермендерге осы сала­дағы заманауи технологиялардың барлық артықшы­лықтарын: жоғары сапалы бейне мен дыбыс, қосымша нүктелер рахатын көруге мүмкіндік береді. Енді оны үйдегі немесе пәтердегі басқа бөлмелерден көруге болады.

Бүгінгі сандық ТВ – бейне мен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз ететін сигнал берудің заманауи стандарттары. Сандық ТВ көрерменге теледидарды рахаттанып көруге жағдай жасайды. Сандық телевизияның осы сияқты басқа телевизияның алдындағы артықшылықтары жетерлік. 

Атап айтар болсақ, қазақстандық белді провайдер — AlmaTV клиенттері телебағдарламалар топтамасының көптеген түрлеріне қол жеткізе алатын болады. Сандық хабар тарату арналар санын өзгертуге мүмкіндік береді. Кабельдік оператор абоненттің қалауына қарай түрлі бағада сан алуан телебағдарламалар топтамасын ұсына алады. Клиент бағамы мен мазмұны көңілден шығатын арналардың ақысын төлейді.
Сандық телевизиядағы жоғары технологиялар жоғары кеңейтілімді (HDTV) бейне таратуға да септігін тигізеді. Өйткені сандық хабар тарату AlmaTV кабельдік операторына абоненттерге бір кадрдағы бейне екі миллион мегапиксельден асатын телевизия арналарының топтамасын жеткізуге мүмкіндік береді. Бейненің тармақты құрылымы болса, байқалмай, бейненің әрбір тұсын барынша анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Теледидарды қосымша нүкте­лердің көмегімен асүйден, жатын бөлмеден, балалар бөлмесінен, қонақ бөлмесінен, болмаса үйдің не пәтердің қалаған жерінен қосып, көруге болатыны – оның тағы бір ыңғайлылы тұсы. Отбасыңыздың әр мүшесі теледидарды өз бөлмесінен шықпай көре алады. Арналар топтамасына қарай екі, үш немесе одан көп қосымша нүктені ҚОСЫМША АҚЫСЫЗ қосуға болады! Оның үстіне, клиенттер арналар саны әртүрлі топтамаларды таңдай алады.
Көрсетілетін бейнелердің жоғары сапасының арқасында арналардың көпшілігін тек сандық хабар таратуда көруге болады: табиғат, саяхат, спорт, кинофильмдер премьералары жайлы арналар. Сандық телевизия түстер мен реңдер алуандығын, жарықтан көлеңкеге өту сәтін, білінер-білінбес ымды және басқа да көптеген тұстарды мінсіз көрсетеді.
Осы тұста, сандық телевизия жиілікті «үнемді» пайдаланатынын да айтып өту керек. Балама арна жіберу жиілігінің жолағы – 8 мегагерцке көбірек арна қамтуға болады. Бір балама арна өткен жолақта 10 сандық арнаны кірістіруге болады! Жиілікті «үнемдеу» мүмкіншілігі арналардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне, сандық телевизия электронды бағдарламалар, көп тілді дыбыстық сүйемелдеу және әртүрлі тілдердегі титрлер сияқты қосымша қызметтерді енгізуге жағдай жасайды.
Бұған қоса жаңа таратылым стереодыбысқа әуес жандардың да көңілінен шығады. Сандық телевизияның пайда болуының арқасында енді кинотеатрға барудың не дыбыс жолағы бар диск сатып алудың қажеті жоқ.
Балама телевизияның сигналында айқын байқалатын жекелеген кедергілер сандық ТВ-сигналда мүлдем жоқ. Бұл – тағы бір артықшылық.

25

Елена ПАК.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support