- Advertisement -

Азулы акуланың да алуан түрі бар

95

- Advertisement -

Австралияның оңтүстік-шығыс жаға­лауынан жергілікті балықшылар өте сирек кездесетін акула түрін тауып алды. Бұл жайында National Geographic ақпарат көзі хабар таратты. Бұл акуланың дене тұрқы соңғы 80 миллион жыл бұрынғы қалпынан еш өзгермеген. Яғни, ғалымдардың айтуынша, осыдан 80 миллиондай жыл бұрын осы жыртқыш балық пайда болған. Қошқыл әрі қоңыр түсті акуланың дене тұрқы жыландікіне ұқсас болып келеді, әрі тістері ұсақ болғанымен аса үшкір келеді. Акуланың ұзындығы екі метрге дейін жетуі мүмкін. Балықшылардың ауына түсіп қалған акуланың ұзындығы да осындай. Австралияның оңтүстік-шығыс балық аулау қауымдастығының атқарушы директоры Саймон Боугтың өзі мұндай олжаға айран-асыр қалғанын жасырмады: «Мына балық өзге уақыт өлшемінен келгендей көрінеді. Расымен де оған 80 миллион жыл болған шығар. Оны балаларыма ұйықтар алдында көрсетпес едім», – деді ол тілшілерге.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support